Азия елінен табиғатта сирек кездесетін металдар кені табылды
Азия елінен табиғатта сирек кездесетін металдар кені табылды
2 жыл бұрын 1981 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістан билігі жаһандық жылынумен күресуде маңызы зор электрмен жүретін көлік өндірісіне аса қажетті сирек минералды – аса ірі лития кені табылды. Бұл жайында islam.kz порталы  BBC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Жамма және Кашмир штаттарының аумағынан табылған аталмыш кен орнындағы лития қоры – 5,9 млн тонна. Үндістан литияны Австралиядан және Аргентинадан импорттап келген еді. Енді лития кен орнының табылуына байланысты бұл импорт тәуелділігінен құтылады. Лития - смартфондар мен ноутбуктер сияқты көптеген гаджеттерді, сондай-ақ, электр көліктерін қуаттандыратын қайта зарядталатын батареялардың негізгі құрамдас бөлігі. Сарапшылардың пайымдауынша,бұл кен орынының ашылуы Үндістанға климат өзгерісімен тиімді күресуге мүмкіндік береді, дәлірегі, атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін едәуір азайту бағытында 2030 жылға қарай жекелеген электр көліктерінің санын 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары осы заманғы озық технологияға қажетті табиғатта сирек кезесетін металдар мен минералдарға, соның ішінде, литияға деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Дегенмен, литияның өзі климат өзгерісімен тиімді күресуге мүмкіндік бергенімен лития өндірісі экологиялық жағынан ең тиімсізі саналады. Өйткені, оны өндіру үшін қоршаған ортаға залал көп қазбалы отын түрлері молынан пайдаланылады. Бұдан бөлек, суды көптеп қажет етеді. Лития негізінен Австралияда, Чилиде және Аргентинада табылған қатты жыныстардан және жер асты тұзды су қоймаларынан өндіріледі.

0 пікір
Мұрағат