Азия елінде «болашақ металының» аса ірі қоры табылды
Азия елінде «болашақ металының» аса ірі қоры табылды
11 ай бұрын 816 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Freedom_wanted / Shutterstock / Fotodom

Тайланд аумағынан электрмен жүретін автокөлік аккумуляторы үшін пайдаланылатын литияның аса ірі кеніші табылды. Қоры 14,8 млн тоннаға бағаланып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Thai PBS телеарнасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен елдің министрлер кабинеті жетекшісінің орынбасары Радклао Интауонг Субанкирдің айтуынша, аталмыш кен орны Пхангнга провинциясынан табылған. Егер бұл ақпарат расталса, яғни, лития қоры мол болса, Тайланд лития қоры бойынша әлемде Боливия мен Аргентинадан кейінгі орыннан көрінеді, яғни, үшінші орынға шығады. Бұдан бөлек, елдің солтүстік-шығысында литиден басқа натридің үлкен кен орындары табылды, бұл элемент натрий-иондық аккумуляторлар жасау үшін қолданылады. Екі табиғи элементтің ірі кен орындарының ашылуы Таиландтың электромобилдер мен аккумуляторлар өндірісіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттырып, импортқа тәуелділігін азайтады. Жаһандық жылыну мен климат дағдарысына себеп болған. көміртектен ада елге айналу бағдарламалары мен электромобил өндірісінің өсуі аясында 2020 жылдың соңынан 2022 жылдың қарашасына дейін лития 15 есеге қымбаттады. 2022 жылдың ең бағалы металына деген жоғары сұраныс автокөлік өнеркәсібі тарапынан орын алған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік сұраныс 97 мың тоннаны құрады, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш130 мың тоннаға жеткен, ұсыныс тапшылығы тиісінше 2000 және 5000 тоннаны құрады. Алайда, литиге сұраныстың жоғары болғанына қарамастан бұл тараптағы баға 2023 жылдың қарашасына дейін тоннасына 18 мың долларға дейін төмендеді. Бұған әлемнің жетекші орталық банктерінің мөлшерлемелерді көтеруі және несие бағасының өсуі себеп болды. Сондықтан электромобил өнеркәсібіне инвестиция азайды. CNBC дерек көзінің мәліметінше, 2050 жылға қарай әлемде лития тапшылығы орын алады. Бұған Қытайдағы аталмыш металды тұтыну деңгейінің көтерілетіні себеп болмақ. Дәлірегі, Қытайдың литиге деген сұранысының өсімі 2023 және 2032 жылдар аралығында бір жыл ішінде орташа есеппен 20,4 пайызды құрайтын болады. Сонымен қатар, Қытайдағы ұсыныс осы кезеңде тек алты пайызға артады және бұл көрсеткіш болжамды сұраныстың үштен бірін де қанағаттандыра алмайды.

0 пікір
Мұрағат