Ауызсу – келесі соғыстың себебі
Ауызсу – келесі соғыстың себебі
3 жыл бұрын 2205 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауызсу тапшылығы әлемде келесі  соғыстың тұтануына түрткі болуы мүмкін. Бүкіл әлемдік банк сарапшылары осындай пікір білдіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы First Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар ұйымының есебінше, әлем тұрғындарының кем дегенде 40%-ы су ресурсы тапшылығының зардабын тартып отыр. 2030 жылға қарай құрғақшылықтан 70 000 000 адамның өміріне қауіп төнеді. Тек 20 ғасырдың өзінде ауызсуға деген қажеттілік адамзат қарасының көбеюіне байланысты екі есе артқан. Дүниежүзілік экономикалық форум келтірген дерекке қарағанда, соңғы 9 жыл ішінде су дағдарысы әлемдік аса ірі 5 қатердің біріне айналған. Ауызсу тапшылығын, әсіресе, ең алдымен Африка құрлығындағы елдер мен Таяу Шығыс аймағы тартып отыр. Ауызсу тапшылығы негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін өсірумен байланысты орын алып отыр. Ауызсу тапшылығын тудырып отырған екінші себепке жаһандық жылыну факторы жатқызылған. 

Ұқсас материалдар:

«Ауызсу алудың табиғи сүзгісі – ағаш сүзгі патогендерді залалсыздандырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyzsu-aludyn-tabigi-suzgisi-agash-suzgi-patogenderdi-zalalsyzdandyrady-15014/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша тұшшы су қорына қауіп төніп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-tushshy-su-qoryna-qauip-tonip-tur-15178/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша тұшшы су қорларының орын ауыстыруы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-tushshy-su-qorlarynyn-oryn-auystyruy-video-10239/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат