|
Ауғанстанда әйелдерге емханаға паранжасыз келуге тыйым салынды
|
Ауғанстанның Герат аймағында тәліптер әйелдерге емхана мен өзге де мемлекеттік мекемелерге паранжасыз келуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Khaama press ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Өткен аптада жергілікті билік, соның ішінде жақсылықты мақұлдап, жамандықтан тыятын департамент пен губернатор кеңсесі емханалар мен қызмет көрсету орталықтарына барлық әйелдердің – қызметкерлер мен келуші әйелдерге паранжа бүркеніп жүруін қадағалауға тапрысрам берді», деп айтылған хабарламада. Бұдан бөлек, көлік жүргізушілеріне паранжасы жоқ әйелдерді алып жүруге тыйым салынды. Ережені бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп айтылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді