Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін (жалғасы)
Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін (жалғасы)
3 жыл бұрын 3181 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

(Басы:  https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0)

АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы инспекторы Джон Сопконың есебінше, тәліптер радикалды қозғалысы табысының 60 пайызы есірткі саудасынан түскен пайдадан тұрады. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне қарағанда, тәліптер есірткі саудасынан жылына 400 млн доллар таза пайда табады. Америкалықтар ауған жерінде өткізген 20 жылда кезінде КСРО мамандары сызып кеткен картаны архивтен тауып, өздері геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, кен өнеркәсібін дамытуға күш салды. Дәлірегі, он жыл ішінде АҚШ-тың геологиялық қызметі (USGS) 40 терабайт мәлімет жинап, ауғандарды онымен жұмыс істеуге баулыған болатын. Ауғанстан аумағы 100% дерлік гиперспектрлік бейнелеу арқылы зерттелген әлемдегі алғашқы ел болды, оның нәтижелері бойынша американдықтар 60 ультра заманауи картаны шығарды. Алайда, карта тек ресурстар қорын бағалауға ғана мүмкіндік беретін еді, қазбалы байлықтың нақты коммерциялық қорын дәлелдеуге бұл карталар жеткіліксіз болатын. Яғни, тәуекелі көп – оны несиеге келген ақшаға өндіруден бастап, қауіпсіз жолмен әлемдік нарыққа шығару керек. Негізінен мұндай жобаларға пайданың көзін білетін бизнесмендер мен банкирлер мүдделілік танытпай іс алға баспайды, ал олар өз кезегінде елдің қауіпсіздік деңгейі мен саяси тұрақтылығына ең алдымен мән беретінін айта кетпекпіз. Барлау жұмыстарын жүргізетін геологтар мен әскерилер кен орындарына гиперспектралды түсірілімге арналған дрондар биігінен қараудан ары аса алмайды, олардың миссиясы осымен тәмам. 2020 жылы Пентагон мен USGS ауған жерінің қойнауында кем дегенде 1 трлн доллардың байлағы жасырулы жатқанын мәлімдеді. Десе де ауған жерінің байлығы тек қолдағы бар деректер бойынша бағаланып отыр, ауған жерінде осы заманғы озық технология үшін ауадай қажет әрі қат ресурстардың ішінде литидің молы қоры ескерілмеген. Әскерилер мен геологиялық барлау мамандары ауған жерінің жерасты байлығын картаға түзген кезде литиге әлемде енді ғана қызығушылық арта бастаған болатын. Сол себепті, америкалықтар сол кезде литиге қатысты нақты бағалау жұмыстарын жүргізбеген болатын. Лития – Ауғанстанның басты көзірі. Әлемдік көшбасшы – аталған ресурс бойынша. Лития мен өзге де сирек кездесетін металдар және минералдар қоры бойынша Ауғанстанның қоры 3 трлн долларға етеді. Ал бұл ресурсты өндіру үшін инфрақұрылымнан бастап, технология қолданылуы, қыруар қаржы құйылуы, қауіпсіздік қамтамасыз етілуі тиіс. Ал ауғандарда қазіргі жағдайда мұның бірі де жоқ. Америкалықтар ақшаны үйіп-төккенімен (донорлық қаржы) ол ауғандардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, қауіпсіздік күштерін, әскерін жасақтандыруға, қажетті әскери техникамен жабдықтауға, сондай-ақ, жемқорлардың өңешінде кетті. Негізінен америкалықтардың қаржысының көп бөлігі елдегі инфрақұрылымдық жобаларға (жол, энергетика, ирригация, т.б.) кетті. Мәселен, осы орайда мынадай дерек келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: бүкіл әлемдік банк денсаулық сақтау, білім беру әне әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту секілді адам капиталы үшін ең қажетті салаларға 5 млрд доллардан аса қаражат бөлген еді. Ауған жеріндегі қазба байлықты игеру үшін жоғарыда айтып өткеніміздей инвестиция құюға асыққан шетелдік ірі  инвесторлар болды. Қытай мен үнді инвесторлары бұл арада экономикалық мүддеден гөрі саяси мүдде үшін қаржы құюға талпыныс жасағанын да айта кету керек. Үндістан 11 млрд долларға бағаланған келісім-шартқа отырып, бұл қаражаттың үштен бірі аударылып та қойған еді, алайда, бұл ақша, қаржыгерлердің айтуынша, тәліптермен байланысы мықты, қас жауы Пәкістан асқан. Негізінде үнділердің Steel Authority of India (SAIL) консорциуымы ауған жерінде металлургиялық комбинат  құрылысын қолға алмақшы еді. Енді билік тізгіні тәліптер қолына өткеннен кейін олармен басынан бастап тағы келіссөздер жүргізуі тиіс, алайда, тәліптер өздерінің қатысы жоқ бұл келісім-шартты мойындамай да қоюы мүмкін бұрынғы билікке ысырып. 2008 жылы қытайдың мемлекеттік компаниясы Кабул қаласы маңындағы «Мес Айнақ» деп аталатын мыс кенін (әлемдегі ең ірі мыс кеніші. Яғни, қытай тарапы ауған жеріндегі мыс қорының үштен бірін – 11 млн тоннасын өндіруге бәс тіккен болатын. Бұл мыс кені ЮНЕСКО қамқорлығына алынып, адамзаттың мәдени мұралар тізіміне енген Будда мүсінінің астында жатыр) игеру үшін рұқсат алған еді. Содан бері табаны күректей 12 жыл өтті, кен орнының сол күйі мұрты бұзылған жоқ. Қытайдың China Metallurgical Group мемлекеттік компаниясы «Мес Айнақ» кен орнын Jiangxi Copper Company компаниясымен бірігіп игеретіні туралы дерек кездесті – 30 жылға дейін пайдалану үшін 2,89 млрд доллар жұмсайды, алайда, оның өзінде екі шартпен ғана өндіреді: біріншісі – елдегі ахуал тынышталып, бизнес жүргізуге қолайлы қалыпты арнаға түсуі керек; екіншісі – тәліптер режимінің заңдылығын әлем қауымдастығы, соның ішінде, Қытай билігі ресми мойындауы тиіс. Бұл айтылғандардын бөлек, Ауғанстан аса мол мұнай (Сары-Пұл, Ангот, Қашқари кеніштері) мен газ (Шыбырған, Қожа-Гүгердағ, Жарқұдық кеніштері) қорына да ие – барланған қоры 200 млн тонна мұнай және газ қоры 137 млрд текше метр. Бұран ауған билігі Әмудария өзненіндегі қоры 87 млн баррел мұнай кенін игеруге қатысты «Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен» келісімге келген еді. Ауғанстанның жер қойнауында тас көмір қоры да жетерлік: Шабашек кенішінің қоры – 50 млн тоннадан асады; Дарбаза – 20 млн тоннадан асады; Қарқар мен Дұқаш (12-15 млн тоннадан). Өнеркәсіпке арналған мыс (Кабулдан оңтүстікке қарай), темір (Кабулдің солтүстігі мен батысы), берилл (Жалалабадтың солтүстігінде), марганц, қорғасын-цинк, оловя кеніштері де кездеседі. Жоғарыда сөз болған Айнақ кен орны Еуроазия құрлығындағы ең ірі мыс кені болып табылады – шамамен 240 млн тонна. Кабул қаласынан қолсозым жерде жоғарыда айтылғандардан бөлек Қажы-Гек деп аталатын темір кен орны бар – қоры 428 млн тоннаға (62–68%-ы - темір) бағаланып отыр.  Қажы-Гек кен орнын игеруге тендерді үнділердің жоғарыда аталған State Authority of India Ltd мемлекеттік корпорациясы ұтып алған еді. Яғни, аталған кеннің төрттен үш учаскесін игеретін болады – 1,8 млрд тонна, ал төртіншісін канадалық Kilo Goldmines компаниясы игереді. Бұған қоса, ауған жерінде болат қорытатын зауыт құрлысы жоспарланып отыр – жылына 7 млн тонна болат балқытады. Үндістанға темір мен болат тасымалданатын теміржол желісі (900 шақырым) де жоспарланып отыр. Ауғанстанның Тәжікстанмен арадағы шекара маңында қоры 30 тоннадан асатын алтын кен орны бар. Аталған кен орнын игеруге америкалық "Westland General Trading" алтын өндіруші компаниясы ие. Ауғанстанның аумағында сапасы өте жоғары мәрмәр, гранит, базальт, гипс, әк, каолин, асбест, т.б. он шақты ресурс қоры сол күйі мұрты бұзылмай жатыр. Америкалық CNBC агенттігінің жазуынша, ауғанның көл-көсір байлағы, соның ішінде лития, церия, неодим, цинк, сынап Қытай монополистерінің өңешіне жытырылады.

Ұқсас материал:

«Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат