|
Ауаның ластануынан жыл сайын 5,5 млн адам көз жұмады
|
Жыл сайын бүкіл әлемде ауаның ластануы салдарынан 5,5 млн-ға жуық адам қайтыс болады, делінген ғылымды ілгерілету бойынша Американдық қауымдастықтың жиынында ұсынылған баяндамада.
Электр стансалары, зауыттар, көліктер, сонымен қатар көмірді жағу салдарынан бөлінетін токсинді микробөлшектерді жұту жүрек және өкпе обыры ауруына шалдығу қаупін арттырады.
Ауаның сапасыздығына байланысты негізінен Қытай мен Үндістан тұрғындары зардап шегеді.
Кей деректерге қарағанда, Қытайда шамамен 1,6 миллионға жуық, ал Үндістанда шамамен 1,3 миллион адамның өлімі ауаның ластануымен байланысты екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді