Тәжікстан парламенті 21 желтоқсанда қарт ата-аналарына дұрыс қарамағандарға жазаны күшейтетін заң қабылдады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.
|
Ата-анасына қарамайтындарға жазаны күшейтті
|
Бұған дейін ата-аналарын асырамағандар 120 сағаттан екі жылға дейін түзету жұмыстарына жіберілетін немесе екі жылға сотталатын.
Соңғы жылдары елде экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты ата-аналардың сотқа жүгінуі жиілеп кетті.
Қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулер бойынша ата-анаға жауапты деп танылған адам оларға қамқорлық жасамаған жағдайда үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
2016 жылы Тәжікстан балалардың ата-анасы үшін жауапты екенін заңмен рәсімдеген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді