Армян «геноцидін» мойындау: қағаз жүзіндегі құжат па әлде тегеурінді шара ма? – талдау
Армян «геноцидін» мойындау: қағаз жүзіндегі құжат па әлде тегеурінді шара ма? – талдау
4 жыл бұрын 3295 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «АҚШ «Армян геноцидін» ресми мойындады...» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-armyan-genotsidin-resmi-moiyndady-15142/#gsc.tab=0) сараптамалық материалымызда АҚШ-тың Османлы кезіндегі армяндарға қатысты күмәнді дерек негізінде «тарихи құжат» қабылдап, «армян геноцидін» мойындағаны және не үшін мұндай қадамға барғаны турасында кеңінен тарқатып жазғанбыз. Ендігі жерде Таяу шығыстағы одақтасы саналатын Түркияны армяндарға «жығып» беруінің салдары мен зардабы туралы сөз етпекпіз. Армян «геноциді» АҚШ тарапынан ресми мойындалған сәттен бері бұл тарапта пікір білдірген сарапшылардың айтқандарына сүйене отырып. Бұл жайында islam.kz порталының талдау материалынан біле аласыздар. Әлемдегі супер держава атанған әрі Түркияның аймақтағы одақтасы саналатын АҚШ-тың неліктен мұндай қадамға барғанын айтып кеткендіктен келесі кезекте бұл шешімнің түріктерге тигізер салқыны қандай болатынын айта кетпекпіз. АҚШ-тың армян «геноцидін»ресми  мойындауы Түркияны тұқыртып қою үшін жасалған, яғни, АҚШ тарапынан Түркияны жаманатты ету үшін «саяси-моралдық» соққы болып қала ма, яғни, Түркияға тек қыр көрсету ме (тек қағаз жүзінде қалатын) әлде оның экономикалық немесе саяси зардабы бола ма? АҚШ тарихында бірде-бір президент бармаған қадамға барған Джо Байденнің бұл әрекеті Карстық келісімшарттың (Карс келісімшарты[1] – 1921 жылы 21 қазанда АрменияӘзірбайжанГрузия кеңестік социалистік республикалары мен Түркия арасында жасалған келісімшарт. Карс келісімшарты бойынша Кавказ республикаларына Мәскеу шартының (16.3. 1921) негізгі қағидалары жүктелді және шекара аймағы тұрғындарының шекарадан өтуін жеңілдету, оларға шекараның арғы, бергі жағындағы жайылымдарды пайдалануға ерік беру туралы, сауда қатынасын орнату және қаржы-қаражат, экономикалық, тағы басқа мәселелерді реттеу жөнінде комиссия құру туралы бабтар белгіленді. Келісімшарттың қолданылу мерзімі көрсетілмеді. 1922 жылы11 қыркүйекте Ереван қаласында ФСКРО (Федеративтік социалистік кеңестік республикалар одағы, 12.3.1922 жылықұрылған) мен Түркия арасында ратификациялық грамоталар алмастырылды. Бұл құжат Түркияның халықаралық жағдайын нығайтып, оның шетелдік басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық соғысында жеңіске жетуіне жағдай жасады – Уикипедия электронды анықтамадан) талаптарын қайта қарауға апарып соқтырады деп отыр сарапшылар. Түркия армяндарға «геноцид жасағаны» үшін өтемақы төлей ме немесе армяндар даулап жүрген Түркияның батысындағы аумақты қайтара ма? Османлы империясының мұрагері ретінде Түркия «армян геноцидіне» тікелей жауапты болған күннің өзінде Түркия бүгінде Османлы империясы емес, басқа мемлекет. Бұл жағдай халықаралық сотта түріктердің пайдасына шешетін факторлардың бірі болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 жылы қабылдаған геноцид пен оған тағайындалатын жаза қарастырылған конвенцияға Түркия да қосылған болатын. рмяндар осы конвенцияны басшылыққа ала отырып, Түркияның халықаралық сотқа бере алады. БҰҰ-ның халықаралық соты кезінде Таиланд пен Камбоджаның, Африка құрлығындағы және Латын Америка елдері арасындағы даулы аймақтарға қатысты жер дауын шешкенін ескерсек, армяндардың түріктерден «есесін» алуына мүмкіндік бар. Мәселен, кезінде халықаралық сот АҚШ-тың  Никарагуадағы агрессиясы үшін айыптап, никарагуалықтар пайдасына шешім шығарғанымен АҚШ оны «пысқырған» да жоқ. Алайда, сол АҚШ 1920 жылы түріктердің 103 599 шаршы шақырым аумағын армяндардың жері ретінде мойындап та қойған еді. Тіпті, халықаралық сот Түркияға армяндарға өтемақы төлеуді немесе жер бөліп беруді міндеттегенімен оны Түркия орындай қоймайды. АҚШ-тың Никарагуа алдындағы міндеттемесін орындамағаны секілді. Құқықтан гөрі күшке арқа сүйеген елдер халықаралық соттың шешіміне «пысқырып» қарамайды да. Оның үстіне, геноцид туралы конвенция 1951 жылы қолданысқа енгендіктен 1915 жылы «орын алған геноцид» үшін қолданыламайды, өйткені, конвенция қабылданбай тұрып болып қойған оқиға ретінде. Аталмыш конвенция тек алдағы уақытта мұндай зұлматтың қайталанбасы үшін қабылданғанын алға тартатындар бар. Бұлай дейтіндер халықаралық келісім-шарттарға қатысты Вена конвенциясына арқа сүйейді: аталмыш құжат бойынша кез келген халықаралық келісім-шарттың кері күші болмайды, яғни, өткен шаққа жүрмейді. Алайда, Вена келісім-шартының өзі 1980 жылы қабылданғандықтан 1948 жылы қабылданған геноцид туралы конвенцияға күші жүрмейді. Тіпті, мәселе айналып келгенде бірде орындалатын бірде орындалмайтын (әлемдегі геосаяси жағдайлар мен мемлекеттердің экономикалық саяси және әскери әлеуетіне қарай) халықаралық құқыққа тіреліп отырған да жоқ. Бұлай дейтінімз, «армян геноцидін» мойындаған жалғыз ел АҚШ емес екенін ескерте кетпекпіз. Тіпті, халықаралық сотқа беру бар да одан ұтып шығу бар ғой, яғни, армяндар бұл тарапта жеңіске жете алатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Жоғарыда АҚШ-тың халықаралық соттың шешімін орындамағын турасында айтып қалдық – 1986 жылдың маусым айындағы Никарагуадағы әскери жорығы үшін айыпталып, өтемақы төлеуге міндеттелгеніне қарамастан. «Күштінің арты – диірмен тартады» деген мақалға салсақ, Түркия, біріншіден, солтүстік саяси-әскери альянстың белді мүшесі. Екіншіден, экономикалық блокада мен санкция Түркияға шыбын шаққан құрлы әсер етуі мүмкін, айналып келгенде, ол ол ма, Түркияның бұл майданда салмағы ауыр – әлемдік стратегиялық маңызы зор Босфор пен Дарданелла бұғаздарын жауып тастаса, керісінше батыс елдері алдымен зардабын тартады. Жалғыз-ақ жол –Түркияға әскери күш көрсету. Мұның өзі күмәнді сценари – Түркия жаппай қырып-жоятын ядролық қаруы жоқ демесең, қорғаныс қабілеті Ұлыбритания мен Франциядан кем түспейтін қуатты мемлекет. Яғни, оңай шағылатын жаңғақ емес, 83 млн халқы бар, ан басына шаққандағы табысы өткен жылы 2,5 трлн долларға жеткен (әлем бойынша 11-ші орындағы ел), оның үстіне сыртқы саясатта аса белсенді мемлекет. Мемлекеттік төңкерістің өзіне іргесін алдырмаған Таяу Шығыстағы жалғыз мемлекет. Сыртқы күштердің қолдауынсыз өзі дербес майдан ашып, толыққанды әскери опреацияларды жүргізе алатын әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі – Түркия. Бұл тізімде Түркиядан бөлек, АҚШ, Қытай, Ресей ғана. Ұлыбритания мен Франция, Жапония, Оңтүстік Корея да мұндай әлеуетке ие емес.

0 пікір
Мұрағат