Араб елінде жеке бастың мәртебесі туралы заң қабылданды
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің министрлер кабинеті неке мен қамқорлық туралы ережеге юірнеше маңызды өзгертулер енгізуді ұйғаратын жеке бастың мәртебесіне қатысты жаңа заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңда анасы ұлы 11 жасқа толғанға дейін және қызына 13 жасқа толғанша қамқоршы бола алатын ережені жойды. Қазір ұлдарға да, қыздарға да қамқорлығын тоқтату жасы бір ізге түсіті, дәлірегі, 18 жасқа дейін ұзартылды. Бұдан бөлек, он бес жастан асқан балаларға ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда әкесімен немесе шешесімен қалу таңдауын немесе қалауын балалардың өз еркіне қалдырды. Егер баласы басқа сенімде, ал анасы өзге дінде болса, сот үкімі баланың мүддесіне немесе пайдасына қарай шешіледі. Бұрынғы заң талабы бойынша мұсылман емес әйелді баласы бес жасқа толғаннан кейін қамқор болу құқығынан айыратын еді. Сондай-ақ, ерлі-зайыпты ажырасқан жағдайда қалыңмалды өндіріп алу ережесі де қайта қарастырылды: неке қидырғанда ерлі-зайыптылардың бір-біріне тарту еткен сыйлықтарының құны 25 мың дирхамнан асса, қайтарып беруге міндеттеледі. Заң әйелдің қалаған адамына тұрмысқа шығуға кепілдік береді. Егер әйелдің қамқоршысы келісім бермесе, сот араласады – қамқор болу құқығын болашақ жұбына береді. Оның үстіне, мұсылман әйелдің отанында мұндай заң болмаса, некелесуге қамқоршының келісімі талап етілмейді. Мысалы, аталған араб еліне барып неке қидырған мұсылман шетелдіктердің отанында мұндай заң болмаса, қамқоршысынан келісім талап етпейді. Заң күйеуін кез келген ажырасуды немесе татуласуды сот алдында мұндай мәселе туындаған күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде құжаттауға міндеттейді. Осы кезеңде некені бұзуды құжатпен рәсімдемесе әйелге өтемақы талап етуге құқық береді. Мейлі күйеуі немесе жұбайы болсын, екеуінің біреуі есірткіге еліксе немесе заңмен тыйым салынған психотроптық заттар қолданса, екінші тарап ажырасуға арыз бере алады. Сонымен қатар, заңда кәмелетке толмағандардың мүлкін иемденіп кетсе, екінші қамқоршысының (әйелінің немесе күйеуінің) рұқсатынсыз баламен шетелге шықса, мұраға қалған қаражатты ысырап етсе, қатал қараса, т.б. ірі мөлшерде айыппұл салудан бастап, бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.