Араб елі "хараммен" күресте осы заманғы әдіске жүгінеді
Араб елі "хараммен" күресте осы заманғы әдіске жүгінеді
7 жыл бұрын 2937 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі қазан айының 1-нен бастап, адам денсаулығына қауіпті темекі мен энергетикалық сусындарға салынатын акцизді екі есе көтерді. Ал алкогольсіз сусындарға 50 пайызға көтерген. Бұл жайында Arabian Business ақпарат көзі хабар таратты. Адам денсаулығына қауіпті аталған өнімдерге акциздің көтерілуіне байланысты баға да көтерілген. Енді аталған өнім түрлерін екінің бірі тұтына алмайды. Осылайша халықтың денсаулығын жақсартуға кірісіп отыр. Екінші жағынан, аталмыш ел өз экономикасын көтерудің басқа да жолдарын қарастырған. Атап айтқанда, 2018 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бес пайыз мөлшерінде қосымша құн салығы салынады. Яғни, бұл аймақтағы екінші ел (Сауд арабиясынан кейінгі) қосымша құн салығы пайда болатын. Сарапшылар мен экономистердің пайымдауынша, бұл екі елден Бахрейн, Кувейт, Оман және Катар үлгі алып, келесі жылдан қалмай қосымша құн салығын енгізуі әбден мүмкін. Айта кетейік, Парсы шығанағы елдерінің жкономикасы 2014 жылы мұнай мен газдың бағасы түсуінен қатты зардап шеккен болатын. Парсы шығанағы елдерінің билігі бюджет тапшылығын жою үшін қордан миллиардаған қаржыны шығындауына тура келген еді. Ендігі жерде Парсы шығанағындағы алты ел қатаң экономикалық саясатқа көшетін болады. 

0 пікір
Мұрағат