АҚШ сирек кездесетін металдар бойынша Қытайға тәуелді болмаудың жолын тапты
АҚШ сирек кездесетін металдар бойынша Қытайға тәуелді болмаудың жолын тапты
5 жыл бұрын 3611 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Табиғатта сирек кездесетін металдардың әлемдік нарығындағы айналымынан түсетін табыс жылына 4 млрд долларға жетеді. Алайда, бұл сала өндірісінің 70%-ы Қытайда шоғырланған.

Green Chemistry мерзімді басылымында жарық көрген мақалада лиганды пайдалану арқылы хроматографияның көмегімен сирек кездесетін металдарды тазалау әрі экстрациялаудың патенттелген процесі сипатталған. Бұл донорлық-акцепторлық өзара әрекеттесу атомымен байланысқан атомдардан, иондардан немесе молекулалалардан тұратын химиялық қосындылар кешені болып келеді. Осынау өзгеше технология табиғатта сирек кездесетін металдарды көмір күлінен аршып, тазалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу шешуші фактор – әлемдегі көптеген компаниялар табиғатта сирек кездесетін металдарды олардың қалдықтарынан бөлінетін қышқыл мен металдарды тазалау кезінде бөлінетін өзге де ластаушыларсыз өндіріп ала алмайды. Нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келіп жатады. Бұл салада төңкеріс жасайтын технологияны ойлап тапқан Пердью университеті зертханасының жетекші қызметкері Ньен-Хва Линда Вон (Nien-Hwa Linda Wang) осынау жаңалыққа байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай мәлімдеме жасаған болатын: Табиғатта сирек кездесетін металдардың шамамен 60%-ы адамға күнделікті өмірде қажетті магнитте пайдаланылады. Табиғатта сирек кездесетін металдар электроникада, ұшақтарда, гибридті автокөліктерде, тіпті, жел генераторында пайдаланылады. Бүгінгі таңда мұндай металдармен жабдықтайтын шетелдіктер компаниялардың қояр шарты мен шектеулеріне байланысты біз оны таза өндірудің тәсілін іздедік. Оның айтуынша, табиғатта сирек кездесетін металдарды барынша таза жолмен өндіру тәсілі екі кезеңнен тұратын сұйықтықты алу тетігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады: ол үшін мыңдаған қоспа мен тұнбаны параллелді әрі жүйелі түрде қолдануды қажет етеді, мұның нәтижесінде улы қалдықтар түзіледі. Ал біздің тәсілімізде – лиганда арқылы ығыстырушы хроматографияның екі аймақты жүйесі мен аймақты бөлу техникасы қолданылады. Бұл технология тазалығы да, түсімділігі де жоғары (екі көрсеткіш бойынша  99%-дан аса) өнім алуға көмектеседі.

Новая технология выделения и очистки редкоземельных металлов из отходов электроники и промышленности позволит США не зависеть от Китая в этой сфере

0 пікір
Мұрағат