АҚШ қоқысындағы пластик құны 7,2 млрд долларға бағаланып отыр
АҚШ қоқысындағы пластик құны 7,2 млрд долларға бағаланып отыр
3 жыл бұрын 1768 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ энергетика министрлігі (DOE) әзірлеген есепте келтірілген дерекке қарағанда, 2019 жылы Америка қоқысқа 7,2 млрд доллардың пластигін тастаған. Пластиктің экологияға келтірер залалы мен зиянын есептемегенде. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пластикті өңдеу жүйесі қымбат тұрады, алайда, ол болашақта жыл сайын 9,9 млрд долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінде пластикті өңдеуден өткізу оны өндіруден қымбат тұратындықтан бұл саладағы компаниялар пластик проблемасын шешуге атсалысқысы келмейді. Мұнай өнімдері арзан – мұнай өндірісінен бастап мұнай өнімдерін алуға дейінгі шығын көп боолғанына қарамастан. 2019 жылы АҚШ компаниялары қоқысқа шамамен 44 млн тонна пластикті тастаған екенн, олардың тек 5 %-ы ғана өңдеуден өткізілген, қалған 86 %-ы жер астына көмілген. Бұл тағы бір проблеманың пайда болуына ықпал етіп отыр – қоқыс алаңы жылдан жылға ұлғайып, ұлан ғайыр жерді алып барады. 2019 жылы пластик қоқыс АҚШ өнеркәсібіндегі энергияның 12 %-н тұтынған. 1 тонна өңделген пластик 13,8 баррел мұнайды үнемдеп, жердің 23 текше метрін бүлінуден сақтап қалады. Пластиктен орташа есеппен 100 МДж/кг энергияны «алуға» болады, бұл өндіріс үшін энергияны көп қажет ететін материалдардың бірі - болаттан 4 есе дерлік көп. Бұл мәліметтер АҚШ-тың 37 штатындағы қоқыс құрамына қатысты зерттеуге негізделген – пластик АҚШ аумағындағы қатты тұрмыстық қоқыстың 14 %-н құрап отыр. Олардың дені полиэтиленді пакеттер. Ал өңдеуден ең көп өтетітіні – пластик шөлмектер болып шықты. 2018 жылы Қытай АҚШ-тан қоқыс қабылдауды тоқтатқан соң АҚШ-та қоқыс проблемасы еңсерілуі қиын мәселеге айналып барады.

0 пікір
Мұрағат