|
Әлемнің 100 елінде 30 мың содыр бар
|
Қазір әлемнің 100 елінде 30 мыңға жуық содыр бар. Бұл азаматтардың барлығы лаңкестік ұйымдармен байланыста болуы мүмкін. Біріккен Қлттар Ұйымының өкілдері осындай жаға ұстатар мәліметті жария етті. Жан-Поль Лаборд, БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы комитетінің өкілі: - Қазір бұл 30 мың содыр жаһандық қатер туғызып отыр. Оларға қарсы тұру үшін күш біріктіру қажет. Мемлекеттер өз бетінше тойтарыс беруге қауқарсыз. Өкілдің айтуынша, қазір әлемге қауіп төндіріп тұрған ұйымның бірі – «Ирак пен Левант лаңкестік тобы». Олар тек Рамазан айының өзінде 16 мемлекетте 400-дей қанды қырғын жасаған немесе шабуыл жасауға итермелеген. Қайғылы оқиғалардың дені Ирак пен Сирияда тіркелген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады