Әлемнен оқшауланып қалған халықтардың бірі - моңғол қазақтары (фото)
|
Ғаламтордағы «Ofigenno.cc» басылымы әлемнен оқшауланып қалған халықтар туралы материал жариялады. Солардың бірі – моңғол қазақтары.
Сенесіз бе, әлемнен оқшауланып қалған, өркениет игіліктерінің көбісінен мақұрым қалған халықтардың бірі Моңғолиядағы қандастарымыз болып шықты. Және оқшаулануы жағынан, яғни, оқшау тірлік ететін халықтардың арасында тізім бойынша бірінші орында тұр.
1. Қазақтар
Әлемнен оқшауланып қалған қандастарымыз Моңғолияның кісі аяғы баса бермейтін таулы аймақтарында жартылай көшпелі тірлік кешеді. Наймандар, арғындар және дулаттардан тұратын қандастарымыз саят құрып, мал шаруашылығымен шұғылданады.
2. Хули
Папуастар тобынан тарайтын тайпа, Жаңа Гвинеяның таулы аймақтарында өмір сүреді. Сырттан келіп, мазалайтын келімсектер мен әуесқойларды қорқыту үшін бет-жүзін ақ, қызыл ждәне сары түсті бояулармен бояп алған. Бастарына һз шашынан жасалған жасанды шаш (парик) киген.
3. Горокаен бор
Бұл тайпаның өкілдері де Жаңа Гвинеяны мекен етеді. Олар аңшылықты және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруді кәсіп еткен. Олар да хулилер секілді боянып алады.
4. Маори
Жаңа Зеландияның байырғы халқы. Ғалымдар олардың тарихи бастауын ХIV ғасырдың бас кезіне жатқызып жүр. Маорилердің би мәдениеті дамыған және тәндеріне түрлі-түсті сурет салдырады, яғни, таутировка.
5. Самбуру
Самбуру тайпасының өкілдері Кенияның солтүстік бөлігінде мекен етеді. Малмен бірге өріп, жайылымдарын 5-6 аптада ауыстырып отырады. Көшпелі тірлік салтын ұстанады.
6. Рабари
Рабарилер Үндістанның батысында өмір сүреді. Мал шаруашылығымен шұғылданады. Малдың жүні, еті, терісі, сүті – олардың негізгі табыс көзі.
7. Гаучо
Аргентинадан шыққан субэтгикалық топ. Бір қарағанда олар аңызға айналған америкалық ковбойларға ұқсайды. Бұл тайпаның ер-азаматтары қарусыз жүрмейді және ат үстінен түспейді десе болады.
8. Каро
Эфиопиядағы Омо жазығының тумалары болып келеді. Бұлар да мал шаруашылығымен айналысады. Өте өте қонақжай, меймандос халық.
8. Банна
Бұл тайпаның өкілдері де Эфиопияны мекен етеді. 45 мыңнан аспайды. Бұл тайпаның өкілдері де түрлі-түсті бояумен боянып алғанды жақсы көреді.
9. Ненцтар
Ресей Федерациясы аумағында, дәлірегі, Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауынан Таймырға дейінгі Коль түбегінде тірлік етеді. Бұл халықтың өкілдері суыққа бейімделген: ауа температурасы 50 градустан төмен қақаған аязға да шыдамды келеді.