Әлемжелідегі исламофобиялық контенттердің 86%-ы тек үш елге ғана тиесілі болып шықты
Әлемжелідегі исламофобиялық контенттердің 86%-ы тек үш елге ғана тиесілі болып шықты
2 жыл бұрын 1332 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралияның қоғамдық ұйымдарының бірі бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен – жаһандық деңгейде әлеуметтік желідегі ислам мен мұсылмандарды қаралайтын жазбалалардың дені үш-ақ елге тиесілі болып шыққан. Виктория ислам кеңесінің ғалымдары анықтағандай, әлемдегі исламофобиялық контенттердің 86%-ы осы АҚШ, Ұлыбритания және Үндістан тұрғындарына тиесілі болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесінде мұсылман белсенділері Twitter әлеуметтік желісінің операторын осы үш елдегі қолданушылардың жазбаларына айрықша назар аударып, араздық пен арандатуға бастайтын контенттерді ауыздықтау үшін арнайы шаралар қолдануға шақырды. Әсіресе, Үндістанда билік басындағы ​​ұлтшыл Бхаратия Джаната партиясымен байланысы бар пайдаланушылар жек көретін жазбалардың басым бөлігін орналастырады. АҚШ-та Twitter-дегі исламофобиялық контент Дональд Трамптың президенттігі кезінде күрт көбейген, ал Ұлыбританияда бұл тенденция босқындардың көптігімен және Борис Джонсонның исламофобиялық пікірлерімен байланысты. Бұл жайттан елдің алдында жүрген көрнекті тұлғалардың немесе саясаткерлердің жауапкершіліктен тыс әрекеттерінің (мұсылмандарға қарсы мәлімдемелері, жарғылары, т.б.) қаншалықты қауіпті болатынын көрсетеді.

Ұқсас материалдар:

«Әлемдік киноиндустрияда мұсылмандар жексұрын етіп көрсетілген – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdik-kinoindustriyada-musylmandar-jeksuryn-etip-korsetilgen-zertteu-17356/#gsc.tab=0);

«Алгоритмдер әлеуметтік желідегі исламофобиялық контенттердің кеңінен таралуына ықпал етеді – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/algoritmder-aleumettik-jelidegi-islamofobiyalyq-kontentterdin-keninen-taraluyna-yqpal-etedi-zertteu-17215/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат