Әлемдегі өлім-жітімнің 8%-ы – қимыл-қозғалысы аз өмір салтынан
Әлемдегі өлім-жітімнің 8%-ы – қимыл-қозғалысы аз өмір салтынан
4 жыл бұрын 2457 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында islam.kz порталы webmd.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пеннингтондағы (АҚШ) биомедициналық зерттеу орталығының ғалымдарының таяуда жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қимыл-қозғалысы аз өмірден өлім-жітім көрсеткіші жыл сайын артып келеді әрі алжу (деменция) қатерін 8,1 пайызға, гипертонияны 1,6 пайызға арттырады. Америкалық ғалымдар бұл тарапта әлемнің 168 елінің деректерін сараптаған екен. Ғалымдар орташа қарқындылық бойынша аптасына кем дегенде 150 минуттан кем дене белсенділігін немесе аптасына жоғары дене белсенділігінің 75 минутын қаперге алған, яғни, адам әр күнінің 11-25 минутын дене белсенділігіне арнауы тиіс – мейлі ол серуен бола ма, велисопед тебе ме, қандай да бір спорттық жаттығу жасай ма, т.б. – дене белсенділігінің жеңілдігіне немесе ауырлығына қарай жарты кем дегенде жарты сағаттай қимыл-қозғалыста болу керек. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткедей, адамның дене белсенділігіне оның тұрмыстық, яғни, әлеуметтік жағдайы өз әсерін сөзсіз тигізген: табысы жоғары адамдардың автокөліктен түспеуі немесе күні бойы кеңседен шықпау секілді қимыл-қозғалысы аз өмір салтынан болатын өлім-жітім көрсеткіші артып келеді әлем бойынша. Орташа табыс деңгейінен болатын өлім-жітім – 69 пайыз; дене белсенділігінің кемдігінен болатын жүрек ауруларынан орын алатын өлім-жітім көрсеткіші 74 пайызға жеткен. Қимыл-қозғалысы аз өмір салтынан орын алатын өлім-жітім Кариб теңізі аймағы мен Латын Америкасында, сондай-ақ, Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдерде жоғары көрсеткішке ие, ал Сахара шөлінен оңтүстікке қарай елдер мен оңтүстік-шығыс және шығыс Азия елдерінде, Океанияда керісінше салыстырмалы түрде төмен.                                                                                             

 

0 пікір
Мұрағат