Әлемдегі ең ірі халал өнімдер экспорттаушы елдің жетістігі
Әлемдегі ең ірі халал өнімдер экспорттаушы елдің жетістігі
1 сағат бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2025) Малайзияның халал экспорты 68,52 млрд ринггитке жетіп, оның алдындағы (2024) жылмен салыстырғанда 10,9%-ға артты. Бұл жайында islam.kz порталы Halal Development Corporation Bhd (HDC) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай жағымды өзгеріс күллі әлем бойынша сапа мен қауіпсіздікке кепіл бола алатын шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерге сұраныстың тұрақты түрде артып келе жатқанынына хабар береді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы мұсылман елінің ұлттық жаңалықтар агенттігі (BERNAMA) хабарлағандай, 2025 жылғы Малайзияның халал экспорты осы елдің жалпы экспортына шаққанда 4,3%-ға жеткен. Малайзиядан әлемнің әр түкпіріне көбінесе халал тағам мен сусын түрлері жөнелтіледі - 36,86 млрд ринггит (53,8% - халал өнімдер экспортының осынша үлесін алып отыр), одан кейінгі орыннан халал қоспалар мен дәмдеуіштер - 39 млрд ринггит (31,2%). Малайзияның халал тауарларының ең ірі тұтынушысы – Қытай. Малайзия халал экспортының 13,2%-ы осы елдің еншісінде. Екінші орынға Сингапур жайғасқан - 10,4%; үшінші орынға Америка құрама штаттары шыққан – (6,5%); тртінші орынға Жапония табан тіреген – (6,2%); ал бесінші орынға Индонезия иек артқан – (5,1%).

0 пікір
Мұрағат