Әлемде тұңғыш рет шариғат талабына сай әуе сапары болды
Әлемде тұңғыш рет шариғат талабына сай әуе сапары болды
8 жыл бұрын 2370

«The Daily Mail» ақпарат көзі хабарлағандай, әлемде тұңғыш рет шариғат талабына сай әуе сапары болды. Нақтырақ айтқанда, Малайзияның «Rayani Air» әуе компаниясы шариғат талаптары сақталатын ұшақпен жолаушыларды ел астанасы - Куала-Лумпур қаласынан Лангкави аралына жеткізіп салды. Экипаж құрамында тек мұсылмандар ғана қызмет етті. Стюардессалар шариғат шәлісін жамылып, жолаушыларға қызмет көрсетті. Ұшар алдында салонда қасиетті Құран оқылды. Жолаушыларға тек шариғат талаптарына сай әзірленген тағам ғана берілді. Айта кетейік, кейінгі кезде халал стандарты жер-жерде кең қолданысқа еніп келеді. Мәселен, өткен жылдың күз мезгілінде Егей теңізінде алғаш рет кемемен сапар ұйымдастырылды. Онда ерлер мен әйелдер бөлек отырды, құлшылық ететін орын, спортпен шұғылданатын бөлме, т.б. болды.

1 пікір
  • Жақсы жаңалық екен,бірақ суретте қыз бала неге шалбар киіп алған, әлде дәстүрлері солай ма екен?
    8 жыл бұрын
Мұрағат