Қылмыскерді мұсылман етіп көрсеткісі келген әрекеттeрінен түк шықпады
Қылмыскерді мұсылман етіп көрсеткісі келген әрекеттeрінен түк шықпады
8 жыл бұрын 2739 Лакиша Холлоуэй

Лакиша Холлоуэй есімді АҚШ-тың Орегон штатының 24 жастағы тұрғыны Лас-Вегас қаласында автокөлікке отырып алып, бір топ адамды қағып кетті. Көлігінің артқы орындығында оның 3 жастағы қызы отырғанына қарамастан (қызы зардап шеккен жоқ бір тәуірі) ессіз әрекетке барып, соның салдарынан Аризона тумасы, аяғы ауыр келіншек сол жерде қаза тапты. Сондай-ақ, 30-дан аса адам жарақат алды. Оның үшеуінің халі өте ауыр. Полицияның мәліметіне қарағанда, қылмыс жасаған келіншек есірткі секілді зат қабылдаған көрінеді. Осы қылмысты жасаған келіншекті мұсылман етіп көрсеткісі келген, осылайша мұсылмандарға жала жауып, мұсылмандарды жаманатты етіп, жаппай террорист етіп көрсеткісі келген батыстық бұқаралық ақпарат құралдарының бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Мәселен, «Twitter» әлеуметтік желісінде жазылғандай, қылмыскер автокөілігін адамдарға бағыттаған кезде «Аллаһу акбар» деп айғайлаған-мыс. Аталмыш әлеуметтік желідегі бұл жазбаны кей БАҚ іліп әкеткен болатын. Бұл жайында «Inquisitr» ақпарат көзі хабар таратты. Артынан белгілі болғандай, дәлірегі, «AssociatedPress» ақпарат көзінің тілшісі хабарлағандай, оның баспанасы болмаған әрі баласымен автокөлікте тұрған. Бұған қоса, ол қазан айында аталып өткен Холлоуэй кезінде құжаттағы есімін "Пэрис Парадайз Мортон» деп өзгерткен.

0 пікір
Мұрағат