Мұсылман ерлі-зайыпты ислам жайындағы сауалға жауап беріп жүр
Мұсылман ерлі-зайыпты ислам жайындағы сауалға жауап беріп жүр
8 жыл бұрын 2790

АҚШ-тың Бостон қаласының маңында тұратын Муна Хайдар «Мұсылманға сауал қой» деген жазуы бар тақтайшаны қолына ұстап, жергілікті кітапхананың жанында тұрып, ары өткен, бері өткен жүргіншілердің назарын өзіне аударуға тырысады. Ол бүгінгі таңда қоғамды жайлаған ислам жайындағы жаңсақ ұғымға тойтарыс беру үшін ауыр сөздер естуге іштей тас-түйін дайындалып келеді. Бір тәуірі, Бостон тұрғындары жылы шырай танытып, Мунамен тез тіл табысып кетті. Бәрі бірдей емес, әрине. Оны көрсе де көрмегенсіп немесе сенімсіздікпен қарап, жанынан тезірек өтіп кететіндері де болды. Қала тұрғындары онымен діннен бөлек, саясат, ғаламдық жылыну, жоғалып бара жатқан тілдер, спорт, тіпті, қытай ас мәзірі жайында да сөйлесіп, талай жайтты сөз етеді. Муна әдеттегідей өткен жұма және сенбі күндері кітапхананың жанына бір өзі жалғыз келмей, хақ жолға түскен күйеуі Себастьян Робинсомды өзімен бірге ерте келді. Құр келмей, өздерімен әңгімелескен адамның көңілін табу үшін кофе, тәттілерін ала келді. Екі күннің ішінде ерлі-зайыптылар бейтаныс жүзден аса адаммен тілдескен болатын. Олардың бұл қадамын құптаған жергілікті қалалық кеңестің мүшесі Надим Мазен ислам жайындағы жаңсақ ұғымға тойтарыс беру үшін осындай жағдайда жүргіншілермен әңгіме өткізудің тиімдірек екенін тілге тиек етті. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Boston Globe» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат