Адамзат тыныс алып отырған ауа үшін ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін
Адамзат тыныс алып отырған ауа үшін ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін
3 жыл бұрын 2653 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемде атмосферадағы парникті газды аулап, оны залалсыздандыру жобасына ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін. Адамзат атомосфераның одан ары ластануының алдын алу үшін өнерсәсіпте жаңа технологияларды дамыту мен енгізу шығынын арттыруға мәжбүр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Credit Suisse Group AG швейцариялық қаржы конгломератының және Халықаралық энергетика агенттігінің (International Energy Agency (IEA)) сарапшыларына жөн сілтеген Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көміртектің атмосфераны ластау деңгейі мен жаһандық жылыну қатері парникті газды аулау әрі сақтау технологиясына қатысты тарифтің шапшаң өсуіне әсер етіп отыр (Carbon capture, utilisation and storage (CCUS)).. Credit Suisse Group AG мамандарының келтірген дерегіне қарағанда, атмосферадан CO2-ті аулау құрал-жабдықтар нарығы таяу жылдары екі млрд долларға жетпек. Ал қаржы сарапшыларының болжамы бойынша осы он жылдықтығ орта шенінде қоршаған ортадан зиянды қалдықтардан тазарту қызметіне сұраныс артады, өйткені, 2025 жылға қарай ластаушы заттар квотасының бағасы кем дегенде екі есеге артады, дәлірегі, орташа есеппен алғанда тоннасына 118 долларға жетпек (қазіргі бағасы тоннасына шамамен 64 долларды құрап отыр). Бұған қоса, әлемнің көптеген елдері аһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы күрес аясында  өнеркәсіпте атмосфераны ластаушы заттардан арылуға, сөйтіп, атмосфераға бөлінетін парникті газды нөлдік деңгейге түсіру міндеттемесін алып отыр. Атмосферадан ластаушы заттарды аулайтын технологиясының қолданысқа енгеніне бірнеше жыл болса да қымбат. IEA мәліметі бойынша цемент өндіру мен электр энергиясын өндіруде ауаны тазарту құны тоннасына 120 долларды құрайды. Атмосферадан CO2-ті аулау құны жобаның орналасқан жері мен қондырғылардың ерекшелігіне байланысты қалыптасады. Британиялық Wood Mackenzie зерттеу компаниясының мағлұматы бойынша күллі әлемде парникті газды аулаудың жоспарланған жобалар саны 2019 жылы 300-ге жетіп, алты есеге артқан. Олардың дені Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде кеңінен енгізілген. Соның ішінде  Норвегия мен Нидерланды және Ұлыбритания елдері бұл бағытта көш бастап тұр. Bloomberg сарапшыларының дерегінше, 2050 жылға қарай мұндай технологиялар өнеркәсіптің зиянды қалдықтарын 46 пайызға азайтады.

0 пікір
Мұрағат