Адамның қандай наным-сенімде болу керектігін енді сот шешеді
Адамның қандай наным-сенімде болу керектігін енді сот шешеді
4 жыл бұрын 1765 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанның халқы ең тығыз (204 млн тұрғын) Уттар-Прадеш штатында қандай да бір наным-сенімге түрлі айла-шарғы немесе алдап-арбау, соның ішінде қандай да бір наным-сенімге тән жоралғылар мен рәсімдерге қатыстыру арқылы, сондай-ақ, күш қолданып немесе мәжбүрлеп кіргізуге заң жүзінде тыйым салды. Соның ішінде өзі ұстанатын наным-сенімге кіргузі мақсатында үйленген адамның некесі жарамсыз деп танылады. Аталған тыйымды бұзғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал өзінің наным-сенімін ауыстырғысы келетіндер округтық соттың шешімімен ғана өзгерте алады. 2011 жылғы аталған ел аумағында жүргізілген халық санағының мәліметі бойынша Үндістанда 1,3 млрд-тан аса адам тұрады, олардың шамамен 80%-ы пұтқа табынады, мұсылмандар қарасы - 14%, ал христиандардың қарасы 2,3%-дан аспайды.

Ұқсас материал:

«Сайқымазақ» статистика мұсылмандарға қатысты стеоротипті сейілтті» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/saiqymazaq-statistika-musylmandarga-qatysty-steorotipti-seiiltti-14846/#gsc.tab=0);

«Зайыбына немесе күйеуіне исламды насихаттап, мұсылман етуге талпыныс жасауды қылмыс ретінде танитын заң қабылданды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/zaiybyna-nemese-kuieuine-islamdy-nasihattap-musylman-etuge-talpynys-jasaudy-qylmys-retinde-tanityn-zan-qabyldandy-14462/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат