2045 жылға қарай ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін. Белгілі бір себептермен
2045 жылға қарай ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін. Белгілі бір себептермен
4 жыл бұрын 3190 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

1973 жылдан бері ерлердің сперматозоид мөлшері осы уақытқа дейін 60%-ға дейін кеміп кеткен. Химикаттық ластану кесірінен. Егер бұл тенденция сақталатын болса, 2045 жылға қарай ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылып қалу қатері жоғары. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерлер үшін, жалпы адамзат үшін аса маңызды әрі шетін деректі Шэнна Свон есімді репродуктивті эпидемиолог өзінің «Кері санау» деп аталатын кітабында келтірген. Ғалымның жазуынша, бүгінде әлемнің кей аймағында 20 жастағы әйелдің бала көтеру қабілеті 35 жас кезіндегі әжелерінікіне қарағанда төмен. Қазіргі ерлердің ұрығының жартысы жоқ атасының жас кезіндегі ұрығымен салыстырғанда. Тағам орамынан бастап, опа-далап пен электроника дейін қолданылатын химикаттар, соның ішінде қоршаған ортада да, адам организімінде де ыдырап жоғалмайтын PFAS адамзаттың биологиялық өсіп-өнуіне нүкте қоюы мүмкін. Яғни, «репродуктивті ақырзаман» ұғымының пайда болуына химикаттар себеп болып отыр. Химикаттар сперматозоидтің саны мен сапасына ғана кері әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар, ер адамдардың жыныс мүшесін кішірейтеді. Бұл адамзат үшін төтенше жағдай.

Ұқсас материалдар:

"Белсіздікке ұшыраған ер адамды жүрісіне қарап анықтаудың тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/belsizdikke-ushyragan-er-adamdy-jurisine-qarap-anyqtaudyn-tasili-tabyldy-14720/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-erler-belsizdigin-emdeudin-tyn-tasilin-tapty-14302/#gsc.tab=0);

"Адам организімінен 55 жаңа химиялық элемент табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-55-jana-himiyalyq-element-tabyldy-14971/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат