|
1 млн-нан аса әйел жесір қалған
|
Өткен жылы Иракта жесір қалған әйелдердің қарасы 1 млн-нан асып кеткен. Күйеуінен ажырасқандары бар, қосағынан көз жазып қалғандары бар әйелдерге қатысты дерек елдің барлық аумағынан жиналған. Ирактың жоспарлау министрлігінің өкілі Әбдізахр Хиндауидің келтірген мәліметіне қарағанда, 2016 жылы елде 878455 әйел күйеуінен көз жазып (қаза тапқаны бар, хабарсыз кеткендері бар) жесір қалған, оның 203 мыңы – 14 пен 49 жас аралығындағылар болса, 675 мыңы – 50 жастан асқандар құрайды. Ал ажырасқандар қарасы 122438 адамға жеткен. Олардың 105 мыңы – 19 бен 49 жас аралығындағылар, 17432 – елуді еңсергендер.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді