«Бір ер адам сахаба Хузайфаға (р.а.) келіп:
– Уа, Әбу Абдулла! Мен өзімді мұнафиқпын ба деп қорқамын! - деп айтады.
– Оңаша кезде намаз оқисың ба? Күнә істеп қойған жағдайда Алладан кешірім тілейсің бе? – деп сұрайды Хузайфа.
– Иә, деп жауап береді адам. Сонда Хузайфа оған:
– Бара бер, Алла сені мұнафиқ қылмаған, – деген екен радияллаһу анһ.
©️ Ибн Ъасәкир, "Тәриху Димашқ".
■
31.08.2022
■
04.08.2022
■
30.05.2022
■
06.05.2022
■
29.04.2022