28.03.2023 17573 Ойтамшы
"Әурет" емес, "ғаурат" дейік!
Діндегі жабылуы керек жерлерге "Әурет" деп емес, "ғаурат" деп қолданған дұрыс. Әурет деп қазақ тілінде көбіне ұятты жерді айтады. Ал шариғат бұйырған жабылуы керек жерлер болса, одан ауқымдырақ. Оның үстіне діннен ұзақтау қандастарымыз "әурет" дегенді естісе, бірден "күн тимес жақ" деп түсінеді. Сондықтан шариғаттағы жабылуы керек жерлерді "ғаурат" деп атап, ал "әурет" сөзін қазақша қолданысында қолдана берген дұрыс. 
-------
Постыма толықтырма:
Қазақша түсіндірме сөздікте "әурет" сөзіне былай деп түсініктеме берілген: "ӘУРЕТ — «әйел», «ер мен әйелдің ұятты жері, жыныс мүшесі». Бұл сөздің бірінші мағынасы қазақ фольклорлық жырларында «ғаурат, аурат» формаларында қолданылған."... 
Қарасаңыздар "ғаурат" сөзі де бөтен сөз емес. Сондықтан да, діни әдебиеттерде шариғаттың бұйырған жабылуы керек жерлерге "ғаурат" сөзін қолдану керек те (өйткені ғаурат сөзін қазақтар қолданыста қолданбайды), ал "әурет" сөзін сол қазақша мағынасында, яғни, дүйім жұртқа үйреншікті мағынасында қалдыру керек.  
facebook.com
 
0 пікір