19.12.2023 869 Ойтамшы
Үш нәрсе қателіктердің атасы

Даналардың кейбірі айтады: «Үш нәрсе - қателіктердің атасы. Олар: 

قال بعض الحكماء: أمهات الخطايا ثلاثة اشياء: الحسد , والحرص , والكبر

  • Көреалмаушылық,
  • ашкөздік (яғни, тойымсыздық)
  • және астамшылық.

أما الكبر فكان أصله من ابليس حين تكبر وابي ان يسجد فلعن.

Астамшылықтың негізі – Ібілістен туындаған. Алла Тағала оған Адамға сәжде етуін бұйырған кезде, тәкәппарланып сәжде етуден бас тартты, соның нәтижесінде қарғысқа ұшырады.

وأما الحرص فكان أصله من آدم عليه السلام حيث قيل له: الجنة كلها مباح لك إلا هذه الشجرة! فحمله الحرص على اكلها حتى سقط منها!

Тойымсыздықтың негізі - Адам атаға барып тіреледі. Оған «Пейіштегі барлық нәрсе сен үшін рұқсат, тек мына ағашқа тиіспе» делінсе де тойымсыздықтың жетегінде кетіп, тыйым салынған ағаштың жемісінен жеп, пейіштен шығарылды. (Кейін қателігін түсініп, Аллаға тәубе етеді. Алла тәубесін қабыл етеді).

  ,  *والحسد اصله من قابيل بن آدم حين قتل أخاه هابيل, فصار كافرا ومأواه النار أبداً.

Көреалмаушылықтың негізі – Адам атаның баласы Қабылдан бастау алады. Ол інісі Һәбілдің (Әбіл) жетістігін қызғанып, жанына қастандық жасады. Сол ісі үшін кәпір болып, тозақтан орын алды»[1]. 


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: Тәнбиһуль ғафилун. 163 бет.

0 пікір