27.01.2023 18265 Ойтамшы
Мұхаммед пайғамбар өзін және туғандарын байытпай-ақ ел басқаруға болатындығын дәлелдеп кетті

Әзіреті Мұхаммед пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сүйікті қызы Фәтима анамыз үйдің тіршілігі бір өзіне ауыр келгендігін айтып, әкесі Мұхаммед пайғамбардан (с.а.у.) қызметші беруін сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз қызының өтінішін қанағаттандырмай қояды. Оның орнына белгілі зікір сөздерді үйретіп, соны айтып жүруін кеңес етеді. Ол кезде Хижаз жерінің біраз бөлігі Мұхаммед пайғамбардың билігіне өткен кез болатын (саллаллаһу алейһи уә сәлләм)Бұл әрекеті арқылы және жалпы ел басқарып тұрған кезеңдеріндегі тұрмыс-тіршілігіне қарасақ Мұхаммед пайғамбардың, өзінің жеке басын және туған-туыстарын байытпай-ақ ел басқаруға болатындығын іс жүзінде дәлелдеп кеткендігін анық көреміз. Биліктегілердің арасында жемқорлық дерті жайлаған қазіргі заманда Мұхаммед пайғамбарымыздың осы бір ерекшелігі көркем өнеге болар еді.


© "Ел басшыларына Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.а.у.) үш сабақ" 

0 пікір