Бір данагөй қариядан біреу сұрапты:
— Ақсақал, осы неге Хауа анамызды Адам атаның дәл қабырғасынан жаратқан? Неге, мысалы, басынан жаратпаған, неге аяғынан жаратпаған? - депті.
Сонда қария оның мәнін былай деп түсіндіріпті:
—Хауа анамызды Адам атаның басынан жаратпағаны – оны (Адам атаны) басқармасын дегені.
❗Аяғынан жаратпағаны - оған (Адам атаға) күң болмасын дегені.
❗Ал, бірақ Адам атаның қасында болсын деп, оны қабырғасынан жаратты.
❗Оған (Хауа анамызға) ол қамқор болсын деп, иық астынан жаратты.
❗Оның (Адам атаның) сүйіктісі болсын деп, жүрек тұсынан жаратты, - деген екен абыз қария.
■
28.03.2023
■
27.01.2023
■
30.12.2022
■
13.12.2022
■
11.11.2022
■
20.10.2022