13.03.2022 1375 Ойтамшы
Қазіргі заман - қате тапқыштар заманы...

"Біреуге қате табу үшін қарама сен,
Табу үшін қарасаң, табасың. 
Қателікті жасыруды өнер деп біл, 
Сол кезде қатесіз боласың" - Мәуләнә Ж. Руми.                         

Қазіргі заман - қате тапқыштар заманы. Сын түзелмей, мін түзелмейді демекші, орнымен сын айтқан да маңызды. Алайда, бүгінде көп адам сын айтамын деп, мін айтып кететіндігі жасырын емес. Пайғамбарымыз (с.а.у.) "мұсылман адам міншіл емес" дей келе, біреудің қателігін тергіштеп, мінеп отырудан тыйған. "Міншіл болу өнер емес, міншіл болмау өнер. Қате табу қабілет емес, қателікті жасыра білу қабілеттілік" дейді Руми. Әрине бір мұсылманның қате тұсын орайын келтіріп өзіне айтып ескертуі дін тәлімі. Хадисте "мұсылман - мұсылманның айнасы" делінген. Сол себепті, міншіл, аса сыншыл немесе қате тапқыш болу өнер емес екен, оны әркім жасай алады, бірақ өзге мұсылманға айна бола білу, міне сол - қасиет.

0 пікір