"Талибандар Мәтуриди ақидасын ұстанады" деп, талибандардың шығуына Мәтуриди ақидасын кінәлі қылып көрсеткісі келетіндер бар. "ИГИЛ" террористік ұйымын білесіздер, сол ұйым, мысалы, Исламды ұстанады, енді олар Исламды ұстанады екен деп, Исламнан безейік пе? Оларды ИГИЛ қылған Ислам емес қой.
Мысалы, қарақшылар да өзін Мәтуриди ақидасын ұстанамын деуі мүмкін. Бірақ оны қарақшылыққа итермелеген Мәтуриди ақидасы деуге бола ма? Болмайды. Немесе қарақшылар ұстанады екен деп, Мәтуриди ақидасын жоққа шығара аламыз ба? Жоққа шығара алмаймыз.
Сондықтан, саясат қайда, Мәтуриди ақидасы қайда! Талибандар - саяси қозғалыс. Оларды тудырған Мәтуриди ақидасы емес, басқа факторлар. Әйтпесе Ханафи-Мәтуриди мәзхабында төңкеріс жаса деген бап жоқ. Әбу Ханифа қанша өкіметтен жапа шексе де өкіметке қарсы халықты айдап салған емес. Сондықтан да, талибанды Ханафи, Мәтуриди дүниетанымымен байланыстыру - келте ойлаушылық. Әлемде қаншама мемлекет Ханафи және Мәтуриди ақидасын ұстанады. Неге олардан талибандар шыға бермейді? #деймінда #талибан #мәтуриди
■
29.12.2023
■
19.12.2023
■
12.12.2023
■
16.06.2023
■
28.03.2023