21.11.2024 4997 Ойтамшы
Ең үлкен жиһад - нәпсімен күресу

"Мағрифат иелері айтқан: «Жиһад үш топқа бөлінеді:

1) Кәпірлермен болған жиһад. Бұл сыртқы жиһад түрі.

2) Теріс жолдағылармен білім арқылы және айғақтар келтіре отырып күресу, ол да жиһадтың бір түрі. Алла Тағала Құранда: «Олармен ең көркем түрде пікір талас жүргіз» делінген. («Нәхл», 125).

3) Нәпсімен күресу жиһады. «Нәпсул әммәрә»мен күресу жиһадтың үшінші әрі ең үлкен түрі. Құранда: «Кім біздің жолда (өзінің нәпсісімен) күрессе, оған тура жолымызды көрсетіп қоямыз» делінеді. («Анкабут» 69 аят).

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жиһадтың ең абзалы - нәпсімен күресу» деген. Кезінде сахабалар жаумен соғысып келгеннен кейін: «Біз кіші жиһадтан, үлкен жиһадқа оралдық» дейді екен. Нәпсімен және шайтанмен күресуді «үлкен жиһад» деп аталуының себебі - жаумен соғысу уақытша, ал нәпсімен күрес өлелгенше. Соғыста жауды көзбен көресің, ал шайтанмен күресте пенде шайтанды көрмейді. Көрінбейтін жаумен күресу - көзге көрінетін жаумен күресуден қарағанда қиын...". 

©️ Имам Ғазали, "Мукәшәфәтуль Құлуб".

0 пікір