Сараңдық пен жомарттықтың негізі
Сараңдық пен жомарттықтың негізі
1 сағат бұрын 89
islam.kz

Алланың құлдары, жақсылап біліп алыңыздар! Алла Тағала Құранда елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі болсын) тілімен былай деген: «Кімде-кім нәпсінің сараңдығынан сақтанса (сақталса), міне, солар – нағыз құтылушылар (мұратқа жетушілер)» (Хашр сүресі, 9-аят). Ал бойын сараңдық пен ашкөздік кернеген адам нәпсісінің шайқылығынан сақтана да алған жоқ, мұратқа да жеткен жоқ.

  • Сараңдық – Тозақта өсіп тұрған бір бәйтерек. Оның бұтақтары бұл дүниеге қарай созылып тұрады. Бұл – Шайтанның ағашы. Кімде-кім оның бір бұтағына жармасса, ол ағаш оны сүйреп барып Тозаққа бір-ақ тастайды.

  • Жомарттық – Жәннатта өсіп тұрған асыл бәйтерек. Оның да бұтақтары бұл дүниеге қарай иіліп тұрады. Кім оның бір бұтағынан ұстаса, ол ағаш оны Жәннаттың рахатына қарай тартып алады. Жомарттық – Аса Жомарт Алланың көркем мінезінен. Кім жомарттықты бойына дарытса, ол қарғыс атқан шайтанды қаһарландырады.

Бұған дәлел: Алла Тағала ешқашан жомарт емес адамды пайғамбар етіп жіберген емес және жомарт емес ешбір салих (ігі) құлды көре алмайсыздар.

Жомарттық – Пайғамбарлар мен Әулиелердің мінезі

Жомарттық – барша пайғамбарлар мен шыншыл әулиелердің, тіпті Әлемдердің Раббысының көркем сипаты.

Ей, мүмін ерлер мен мүмін әйелдер! Ей, пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммедтің (с.а.у.) үмбеті! Бұл көркем мінезді өзара қарым-қатынастарыңызда кеңінен қолданыңыздар!

Дұға

  • Раббысын еске алып көз жасын төкпеген көзден Алла сақтасын!

  • Аллаға ынтызар болмаған суық жүректен Алла сақтасын!

  • Алланың құзырына жетпейтін қайырсыз дұғадан Алла сақтасын!

  • Алладан өзгеге құл болудан, Өзінен өзгеге жалтақтаған қорлықтан Алла сақтасын!

Ибн Жәузи: "Бүстәнуль Уаъизин". Уағызшылардың бақшасы. 


0 пікір