Ібілістің Мұса пайғамбарға айтқаны
Ібілістің Мұса пайғамбарға айтқаны
1 сағат бұрын 90
islam.kz

Аңыз бойынша, Ібіліс шайтан Алланың елшісі Мұса пайғамбарға (оған және біздің пайғамбарымызға сәлем болсын) былай деп айтыпты:

  • «Бөгде бір әйелмен оңаша қалма, өйткені ондайда үшіншілерің мен боламын.

  • Ешқашан үкім кесіп, сот жұмысына араласпа, әйтпесе (азғырып) сені жолдан тайдырып жіберемін.

  • Қайыр-садақа беруді ойласаң, оны дереу жасауға асық. Өйткені садақа беруді кейінге қалдырсаң, шайтан алдыңнан кедейліктің жетпіс есігін ашып қойып, саған садақа жасауға мұрсат бермейді» деген екен.

Ұлы Алла тағаланың Бақара сүресінің 268-аятында: «Шайтан сендерді жоқтықпен (кедейлікпен) қорқытып, арсыздыққа бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан жарылқау мен кеңшілік уәде етеді» делінеді. Осы аяттың астарындағы мағынасы жайында ғұламалар былай дейді:

  • Шайтан сені өз нәпсіңмен бетпе-бет қалдырып, Раббыңды зікір етуден, Оны еске алуды ұмыттырады.
  • Ол адамға: «Бар-жоғың жетеді, бірақ әлі де жинауың керек» деп, қажеттіліктен артық дүние жинауды қалау арқылы кедейлікпен қорқытады. Адам қолындағы бар ризығына қанағат етпей, көбірек жинауға ұмтылады. Бұл – адамды үнемі жоқшылықтың қамырына батырып қоятын шын мәніндегі рухани кедейлік. Ондай адам қанағатсыздықтың кесірінен баянсыз дүниенің соңында жүріп, мәңгілік азапқа душар болады.
  • Шайтан адамға: «Алланың ризалығы үшін мал-мүлік үлестірсең, садақа берсең, кедейлеп қаласың» деп үрей салады. Расында, Алла тағаланың Өзі сендерге жарылқау мен шексіз кеңшілік уәде етіп тұрғанда, жоқшылықтан қорықпау керек. Сондықтан пенде Алланың өзіне жасаған сансыз жақсылығын, мейірімі мен кеңшілігін әрдайым есінде ұстағаны жөн.

Ибн Жәузи: "Бустәнуль Уаъизин". 

 

0 пікір