Садақаның құнын арттыратын жеті қасиет
Садақаның құнын арттыратын жеті қасиет
8 сағаттан соң 92

Садақаның қадірін арттырып, сауабын еселейтін жеті қасиет бар:

  • Адалдан табу – садақаны тек адал жолмен тапқан дүниеден беру. Өйткені Алла Тағала Бақара сүресінің 267-аятында: («Тапқан адал дүниелеріңізден қайырымдылық жасаңыздар») деп бұйырған.

  • Жоқтыққа қарамастан жомарттық ету – өз жағдайы тым артық болмаса да, барын жырып, аз малдың өзінен қиып беру.

  • Асығу – садақа беруді қолынан шығып кетуден немесе мерзімі өтіп кетуден қорқып, дереу орындау.

  • Таза да сапалы дүниені таңдау – сараңдықтан сақтанып, садақаға ең жақсы дүниесін беру, жаман-жұқанын бермеу абзал. Өйткені Алла Тағала: («Өздерің көз жұмбасаңдар, ешқашан қабылдамайтын нашар нәрсені садақа беруге ұмтылмаңыздар. Біліңдер, Алла – Бай, әрі Мақтаулы») деді.

  • Жасырын беру – көрер көзге беруден (риядан) сақтанып, садақаны жұртқа жария етпей, құпия ұстау.

  • Міндетсімеу – берген садақасын кейін міндетсініп, айтып жүрмеу. Өйткені бұл сауаптың берекесін қашырады.

  • Ренжітпеу – садақа алған адамның көңіліне қаяу түсіріп, басына мін артып, зіркілдеп реніш келтірмеу. Өйткені бұл күнә болып табылады. Алла Тағала Бақара сүресінің 264-аятында: («Садақаларыңды міндетсінумен және ренжітумен жоққа шығарып алмаңыздар») деп ескерткен.

Ең дұрысын бір Алла біледі.


Әбу Ләйс әс-Самарқанди: "Тәнбиһуль Ғофилин". 

 

0 пікір