Абу Лейс аш-Самарқанди (Алла оған разы болсын) былай дейді:
«Он түрлі қасиет адамды ең қайырлы жандардың мәртебесіне жеткізіп, биік дәрежелерге көтереді:
-
Жомарттық – садақаны көп беру.
-
Құранға құштарлық – Құранды жиі оқып, сөзіне құлақ асу.
-
Жақсы орта табу – Ақыретті еске салып, дүние қуудан тыйғызатын ізгі жандармен бірге болу.
-
Бауырластық пен туыстықты сақтау – ағайын-туыспен қарым-қатынасты үзбей, сілә-рахим жасау.
-
Науқастың көңілін сұрау – сырқаттанып жатқан бауырдың жағдайын білу.
-
Дүниеге мастанғандардан аулақ болу – байлығы басын айналдырып, Ақыретін ұмытқан дәулеттілермен шамадан тыс араласпау.
-
Пікірлеу (тәфаккур) – ертеңгі күні өзінің қандай күйге түсетінін, Ақыреттегі жағдайын жиі ойлау.
-
Дүниеге тым байланбау – бос қиялға салынбай, өлімді жиі еске алу.
-
Аз сөзділік – аз сөйлеп, тілге ие болу, артық сөзден тыйылу.
-
Кішіпейілділік пен қарапайымдылық – қарапайым киіну, кедей-кепшікті жақсы көріп, олармен араласу, жетім мен міскінге жақын болып, олардың басынан сипап, қамқорлық көрсету.»