Әжем бұрын: "шелектің бетіне шыбық болса да қой" деуші еді. Сөйтсем хадисте бар екен...
Әжем бұрын: "шелектің бетіне шыбық болса да қой" деуші еді. Сөйтсем хадисте бар екен...
4 жыл бұрын 24133

Кішкене күнімізде жаз болса болды, бірден нағашы апамыздың ауылына қарай асығатынбыз. Нағашы апамыздың үйі берекелі еді. Мархұм нағашы апам бидің қызы болған. Қазақтың ырым, салт-дәстүрін жақсы ұстанды. Намаз оқитын. Ораза ұстайтын. Сол кісі айтып отырушы еді: «Шелектің бетіне шыбық болса да қой, шайтан сиіп кетеді» деуші еді. Оның мәнісін түсінбейтінмін. Сөйтсем хадистен алынған ырым екен. Оны бертін келе білдім.

Ибн Хиббанның хадистер жинағында орын алған бір риуаятта сахаба Жәбір ибн Абдулла (р.а.) мынадай хадис келтіреді:

 أَوْكُوا الأَسْقِيَةَ ، وَغَلِّقُوا الأَبْوَابَ إِذَا رَقَدْتُمْ بِاللَّيْلِ ، وَخَمِّرُوا الطَّعَامَ وَالشَّرَابَ ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَأْتِي ، فَإِنْ لَمْ يَجِدِ الْبَابَ مُغْلَقًا دَخَلَ ، وَإِنْ لَمْ يَجِدِ السِّقَاءَ مُوكًى شَرِبَ مِنْهُ ، وَإِنْ وَجَدَ الْبَابَ مُغْلَقًا وَالسِّقَاءَ مُوكًى لَمْ يَحْلِلْ وِكَاءً وَلَمْ يَفْتَحْ بَابًا مُغْلَقًا ، وَإِنْ لَمْ يَجِدْ أَحَدُكُمْ لِإِنَائِهِ الَّذِي فِيهِ شَرَابُهُ مَا يُخَمِّرُهُ ، فَلْيَعْرِضْ عَلَيْهِ عُودًا 

« Алла елшісі былай деді: «Түнде жатарда торсықтың аузын буыңдар, есікті құлыптаңдар. Тағамдар мен сусындардың бетін жабыңдар. Шайтан келіп есіктің ашық тұрғанын көрсе үйге кіреді. Торсықтың бетін буылмағанын байқаса одан ішеді. Ал, есік жабық болып, торсықтың аузы буулы болса, шайтан байлауды шеше алмайды, жабық есікті аша алмайды. Сендердің біреулерің ішінде суы бар ыдысын жабатын ештеңе таба алмаса, көлденеңнен бір шыбық қойсын»[1].

Сахиху Ибн Хиббан. №1274 хадис.

Аталмыш хадистің арабша нұсқасындағы «Ъуд» (عُودًا) сөзі - «бутақ», «тал», «шыбық» деген мағыналарды білдіреді. Басқа бір риуаятта «бисмилла» айтып қойсын делінген. Шыбық шаң-тозаңнан сақтамаса да, бисмиллә деп қойылғаннан кейін шайтанның ішіп былғауына кедергі болмақ.

Осыдан келіп, қазақтың біраз ырым-нанымдары діннен бастау алатынын байқауға болады.

Абдусамат Қасым

 

0 пікір