Сахабалардың дәуірінде «өтірік айту» деген жоқ еді
Сахабалардың дәуірінде «өтірік айту» деген жоқ еді
4 ай бұрын 5631

Имам Бәйхақи сахаба Бәрраның (р.а.) былай деп айтқандығын риуаят еткен:

«Барлығымыз Расулулланың (с.а.у.) хадистерін естуге мүмкіндік таба бермейтінбіз. Өйткені әркімнің өзіне тиесілі мал-мүлігі мен айналысатын шаруасы болатын. Бірақ адамдар өтірік айтпайтын, хадистерді естігендер естімегендерге жеткізетін»1.

Тәбиғин Қатада (ө. 117/735) болса бұл жайлы былай деген:

«Бір адам хадис айтты. Оны естіген басқа біреу оған: «сен бұл хадисті Расулулланың өз аузынан естідің бе?» - деп сұрайды. «Иә, өз аузынан естідім немесе «оны маған өтірік айтпайтын біреу жеткізді» деп жауап берді де, артынша: «Уаллаһи, біз өтірік айтпайтынбыз, тіпті өтірік дегеннің не екенін де білмейтінбіз» деді»2.

Бәйхақи Мәліктен келген бір риуаятта, Рәжә оған мынадай мәлімет айтқан: «Абдуллаһ ибн Омар Пайғамбардың әміріне, сүннетіне әрі іс-қимылдарына маңыз бергені соншалық, көрген адам оның ақыл-есіне зақым келер ме екен деп қауіптенетін еді»3. 

Хасан Бәсриден жеткен риуаятта Сәмра (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Расулулланың дауыстап оқыған намаздарында мына екі жерде үндемегендігі есімде қалыпты. Ифтитаһ тәкбірінде және Фатиханың соңында» дейді де Сәмра р.а. сөзін жалғап: «және «уәләддоллин» деген кезде де» дейді. Ибран ибн Хұсайн (Сәмраның сөзінің растығына көз жеткізу үшін) Әби ибн Кәъбқа (р.а.) Сәмраның шыншылдығына байланысты сұрап хат жазды. Сонда Әби ибн Кәъб: «Шынында Сәмра Алла елшісінің хадистерін жаттаушы еді» деп жауап береді»4.

Ибн Сириннің риуаятына қарағанда Ибн Аббас, мұсылмандарға пітір садақасын беру керектігін айтқанда адамдар қарсы шықты. Сонда ибн Аббас сахаба Сәмраға хабар жібертіп: «Алла елшісінің пітір садақа беруді бұйырғанын білмейсің бе?» -деп сұрайды. Ол (Сәмра): «Иә, білемін» деп жауап берді. «Олай болса мұны халыққа не үшін айтпай жүрсің?» - дейді Ибн Аббас.

«Абдулла ибн Аббас Алла елшісінің пітір садақа жайлы әмірін мұсылмандарға айтпағаны үшін Сәмраға сөгіс айтты» дейді Имам Бәйһақи (р.а.)5.

Имам Бұхари Абдуллаһ ибн Амрдан Алла елшісінің (с.а.у.) былай дегенін риуаят еткен:

«Алла елшісі (с.а.у.) айтта: «Менен бір аят болса да жайыңдар және менен хадис жеткізіңдер. Бірақ менің атымнан өтірік (хадис) айтпаңдар. Кімде-кім менің атымнан өтірік айтса, тозақтағы орнына дайындала берсін!»6.

Имам Бәйһақи Ибнул-Мүбарәктың мына оқиғасын келтіреді, Ибнуль Мүбәрак былай әңгімелейді: «Әбу Асама, Әбу Ханифаға келікп (р.а.): «Мен мына кітаптардағы көзқарастарды (пәтуаларды) есіттім. Енді маған айтшы: хадистерді кімнен естуімді кеңес етесің?» - деп сұрады. Сонда Әбу Ханифа (рахматуллаһи алейһ): «Сен ой-пікірлері әділ болғандардан хадис есті. Шиіттер бұл айтқаныма жатпайды. Шынында Шиіттердің (шиизм) сенімінің негізі - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабаларының адасуда болған дегенді қабыл етуіне сүйенеді» деп жауап береді.

Әбу Ханифа сөзін әріқарай жалғап: «Кімде-кім Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеттерімен толық амал етпейтін (жүзеге асырмайтын) мемлекет басшысынан қызмет сұрай барса, мемлекет басшысы оған сұрағанын берсе, ол кісінің - мұсылмандардарың көшбасшысы болуға лайық емес» деді Ұлы ғалым 7.

Хармәлә ибн Яхя, Имам Шафидің мына бір сөзін жеткізеді: «Әһли һәуа/бидғатшы топтардың ішінде, Рафизилерден өтірік куә болу жөнінен асып түсетін топ жоқ8. 

Имам Суютидің «Мифтәхуль Жәннәһ» атты кітабынан (араб тілінде).


Рамәһүрмүзи, әл-Мухаддисул-фасыл 235 б; Хаким, әл-Мүстәдрәк І, 137; Марифәтүс-Сүнән 14 б; Хатиб, әл-Жамиғ І, 117; әл-Кифая 385 б.
Хаким, әл-Мүстәдрәк ІІІ, 575; Хатиб, а.а.ә. І, 117; Табәрани, әл-Кәбир І, 218.
Зәһәби, Сияру ағлам ІІІ, 213.
Әбу Дәуіт, Салат 122; Тирмизи, Салат 186; ибн Мәжә, Икамәтус-салат 12; Дарими, Салат 37; Абдурразақ, а.а.ә. ІІ, 134-135; Ахмет ибн Ханбал Ү, 7 15, 20; ибн Хүзәймә, а.а.ә. ІІІ, 35; ибн Хиббан, Сахих ІІІ, 143; Хаким, әл-Мүстәдрәк І, 215; Бәйхақи, а.а.ә. ІІ, 195; Дарәқутни, а.а.ә. І, 309, 36.
Қайдан алынғаны табылмады.
Бұхари, Илим 38; Мүслим, Зүһд 72; Әбу Дәуіт, Илм 4; Тирмизи, Илм 8, 13; ибн Мәжә, Муқаддимә 4; Дарими, Муқаддимә 46; Ахмет ибн Ханбал ІІ, 159, 202, 214.
Хатиб, әл-Зәһәби, 126 б.
Бәйхақи, а.а.ә. І, Х, 208; Зәһәби, а.а.ә. 89.

0 пікір