«Құран кітабын оқығым келді»: Құран аятын оқып көзіне жас алған американдық қыз
«Құран кітабын оқығым келді»: Құран аятын оқып көзіне жас алған американдық қыз
1 жыл бұрын 2778

Қазіргі таңда Таяу Шығыстағы болып жатқан жағдай бүкіл әлемді есеңгіреткендігі жасырын емес. Ондағы мыңдаған бейбіт тұрғындардың қойша қырылып, әр 10 минут сайын бір бүлдіршіннің көз жұмуы - күллі әлем жұртшылығын көшеге ағылуына себеп болды. Бұрын Ислам дінін «экстремизмнің ошағы» деп жүрген батыс халқы, Ғаззадағы жағдайға қарап, әсілінде, олай емес екендігіне көз жеткізді. Көбі қасиетті Ислам дінінің қайнаркөзі саналатын қасиетті кітабымыз - Құран кәрімнің аудармаларын сатып алып оқи бастады. Батыстық әйгілі БАҚ көздері «Америка жастары қолға Құран алды» деген тақырыпта мақалалар жариялап жатыр. Бүгін сіздермен бөліспекші болып отырған жазбамыздың кейіпкері де Ғаззалық мұсылмандардан әсерленіп, қасиетті кітабымызды оқуға шешім қабылдаған азаматшалардың бірі. 

Есімі Алисон болған американдық бойжеткен, өзінің түсірген бейнеүндеуінде Палестина халқынан әсерленіп Құранды оқуға кіріскендігін айтады: 

- «Құран оқи бастадым» - деп сөзін бастаған бойжеткен, әрі қарай сөзін жалғап: - «Палестинадағы болып жатқан жағдайлардан кейін Ислам дініне қатысты мәліметтермен танысқым келді. Өзім діндар емеспін. Тек танысқым келді. Өйткені, маған Ислам діні жайында көптеген өтірік мәліметтер айтылып келді. Мен де өмірі солай деп сеніп келдім. Енді Ислам деген қандай екенін өзім білгім келді» - дейді ол. 

Дініміз жайында ізденуді ниет етсе де, Құран Кәрімді қолға алып оқуына итермелеген жағдай, жақында ғана Ғазза қаласындағы «Шипа» ауруханасында орын алған қырғын болған екен (Түсініктеме: түнеу күні израиль әскерлері Ғаззадағы «Шипа» ауруханасының астында хамас ұйымының штаппәтері бар деген желеумен аурухананы қоршап, артынан шабуылдап, аурухананы паналаған біраз бейбіт тұрғындар мен жаралылардың өліміне себеп болған еді): 

- «Бүгін кешке «Шипа» ауруханасында болған жағдайдан кейін Құран кітапты біраз оқуға бел будым. Бұл түні осы мәселе назар аудартты. Құран оқып отырып, мынадай аятты кезіктірдім, шынында, бұл аят - болып жатқан жағдайдан кейінгі менің рухыма сөйлеп тұрғандай сезілді» - деген ол, толқыған күйі назарын аудартқан төмендегі Құран аятының аудармасын оқиды: 

- «Бақара сүресі, 81 және 82 аяттар. «Жамандық істеп, күнәлары тұла бойын баурап алғандар бар емес пе, міне солар тозақтық болады. Олар онда мәңгі қалады. Ал иман келтіріп, ізгі істер істегендер болса, олар - пейіштік болады. Олар онда мәңгі қалады».

Аятты оқығаннан кейін өзін ұстай алмай көзіне жас алған Алисон, видео арнауын жабады.

Алисонның осы бір арнауын көріп отырып, жас бойжеткеннің ішкі жан дүниесін: «сонда, жауыздар жазасыз қалмақ па?!» деген бір сауал өртеп жатқандығын сезуге болады, және де, ішін күйдіріп бара жатқан бұл сауалына Құраннан жауап тауып, көзіне жас алған секілді.

Алисон өзін діндар емеспін деп таныстырса да, өзі оқып отыған Құранның қасиетті аятына көңілі орнығып, іштей қанағат тапқанына қарай, әсілінде, Алисонның іштей мұсылман екендігін, бірақ онысын ол әзір түсінбей тұрғанын айтар едім. Алла Тағала Алисонның өміріне баяндылық сыйлап, бұл өмірден мұсылман болып өтуін жазсын! Әлемде соғыс болмасын! Әхамдулилләһи Раббиль аләмин! 

Дайындаған А. Қасым

 

0 пікір