"Сізге жамандық жасағанды кешіре салыңыз..."
"Сізге жамандық жасағанды кешіре салыңыз..."
1 жыл бұрын 3223
Аяз әл-Қарни

Біреудің сізге жапа шектіргеніне мұңаймаңыз. Сізге жамандық жасағанды кешіре салыңыз. Өйткені, кектің құны - ауыр. Ол сізді іштей таусытады. Мысалы, кекшіл адам, әлдекімге кектенгенде немесе ашуланғанда яки әлдекімнен ақысын қайтарам дегенде, негізінде, өзінің жүрегінен, етінен, қанынан, жүйкесінен, жан тыныштығынан, бақытынан және қуанышынан берген болады. Бұл болса, сөз жоқ, моральды тұрғыда анық шығын.

Жаратушы Иеміз Алла Тағала біздерге оның емін білдірген. Құдай Тағала өзінің қасиетті Құранында (өзінің сүйікті құлдарын тізбектей келе) былай дейді: 

وَالْكَاظِمِينَ الْغَيْظَ وَالْعَافِينَ عَنِ النَّا

«Олар - ашуланған кезде ашуларын іштей тұншықтырады және адамдарға кешірімді». («Әли имран», 134). 

Тағы бір аятында:

«Кешірімділікті ұстан. Жақсылыққа бұйыр. Надандардан бет бұр». 

Және бір аятында:

وَلَا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ۚ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ

«Жамандық пен жақсылық тең емес. Сондықтан, ең көркем түрде қарсылық таныт, сонда араларыңда дұшпандығы бар кісі, құдды, сенің ең жақын досыңдай болады». («Фуссыйләт» сүресі, 34 аят)1.


1Аяз әл-Қарни, «Лә тахзан!» атты кітабынан. Араб тілінде.

0 пікір