Алла елшісінен (с.а.у.) біреу мүмін мен мұнафиқтың айырмашылығы жайында сұрапты, сонда Ол былай деп айтқан екен:
Мүміннің ойлайтыны - намаз, ораза болса, мұнафиқтың ойлайтыны - хайуан сияқты, тамақ, сусын және құлшылық пен намазды тәрк ету.
Мүмін шамасы келсе, садақа береді, Алладан жарылқау тілеумен болады, ал мұнафиқ құмарлық пен бос қиялдың соңында жүреді.
Мүмін Алладан басқа ешкімге үміт артпайды. Мұнафиқ Алладан басқаның бәріне үміт артады.
Мүмін дін жолына мал-дүниесін пида қылады, ал мұнафиқ мал-дүниесінің жолында дінін сатады.
Мүмін Алладан басқа ешкімнен қорықпайды. Мұнафиқ Алладан басқа бәрінен қорқады.
Мүмін ізгі іс жасайды, сонда да күнәсіна жылайды. Мұнафиқ жамандық істейді, бірақ сонда да күледі.
Мүмін көбіне оңаша, өзбетінше қалуды ұнатады. Мұнафиқ (жаман жолдағылармен) араласқанды, сондай көпшілікпен жүргенді ұнатады.
Мүмін көшет егіп, бұзып алудан қорқады. Мұнафиқ (еккен көшетті) жұлып (қиратып), бірақ өнімді күтеді.
Мүмін діні үшін тыйым айтады, қоғамды түзейді. Мұнафиқ бас болу үшін бұйрық береді, тыйым жасайды, қоғамды бұзады және жақсылықтан тыйып, жамандыққа бұйырады»1.
1 Имам Ғазали: «Мүкәшәфәтуль Құлуб».