Бес қасиет
Бес қасиет
4 ай бұрын 3009

Лұқман Хәкімнің баласы әкесінен:

- Әкетай, адамның бойындағы ең жақсы қасиет қайсысы? - деп сұрайды.

- Діндарлығы, - деп жауап береді Лұқман Хәкім.

- Ең жақсы екі қасиеті қайсысы? - деп сұрайды баласы.

- Діндарлығы мен бай болуы, - деп жауап береді Лұқман.

- Ең жақсы үш қасиеті қайсысы?

- Діндарлығы, байлығы және ұялшақтығы.

- Ең жақсы төрт қасиет қайсысы?

- Діндарлығы, байлығы, ұялшақтығы және көркем мінезі.

- Ең жақсы бес қасиет қайсысы?

- Діндарлық, байлық, ұялшақтық, көркем мінез және жомарттық.

- Ең жақсы алты қасиет қайсысы? - деп сұрағанда, Лұқман Хәкім ұлына:

- Ұлым, кімде осы бес қасиет табылса, ол - жүрегі таза, тақуа, әулие, әрі шайтаннан ұзақ адам, - деп жауап беріпті.

0 пікір