Ашығудың 10 түрлі пайдасы
Ашығудың 10 түрлі пайдасы
2 жыл бұрын 3523

Аз жеп-ішудің әсіресе ораза ұстап, ашығудың пайдасы зор. Ендеше оразада ауыз бекітудің адам баласына берер он түрлі пайдасын бөлісе кетелік, олар келесідегідей:

1. Аштық күйінде көңіл тыныш болады, адам ойы сергек болады. Ал тоқтықта керісінше ғапылдық пен ұмытшақтық пайда болады.

2. Аштық күйінде жүректе сезімталдық пайда болады. Сол сезімталдығының арқасында жасаған дұғалары мен ғибадат-құлшылықтарынан ләззат алады. Ал қарны тоқ кезде жүрек қатаяды, соның нәтижесінде ғибадаттан ләззат алу мүмкіндігі болмайды.

3. Аштық күйінде адамның бойында қарапайымдылық пен мінез жұмсақтығы бой көрсетеді, ал тоқ кезде тәкаппарлығы артып, ашу мен мақтан күйлері қозады.

4. Аш кезінде кедейлер мен аш жүргендердің қамын ойлайда, ал тоқтық халінде оларды ойламайды, ұмытып кетеді.

5. Аштық кезінде нәпсәни қалауларға деген әуестілік басылады, ал тоқтықта керісінше нәпсани құмары артады.

6. Аштық күйінде дене жанды әрі тірі болады, ал тоқтық күйінде ұйқы мен ғапылдық пайда болады.

7. Аштық кезде ғибадат пен құлшылықты жалғастыру оңай; ал тоқ кезінде адамның бойында жалқаулық пен осалдық пайда болады.

8. Аштық кезінде денсаулық жақсы болады; тоқтықта дене әлсірейді де ауырып қалады.

9. Аштық кезінде денесі жеңілденіп, рақаттанады, ал тоқтықта денесі ауырлап тұрады.

10. Аштық кезінде садақа беру секілді қайырымдылық жасау, «инфақ» жасау сезімі артады. Бұл да пендені қиямет күнінің үрейлі ыстығында салқын көлеңкені саялауға жеткізеді. Ал тоқтық халінде адам бойында сараңдық немесе ысырапқорлық пайда болады да, ол пендені зиянға ұшыратады.

Демек, қарны тоқтық нәпсіқұмарлық қалаулар мен нәпсәни әуестіктерді қоздырса, ал ашығу – ойлау және сезу қабілеттерін күшейтеді1.


1Осман Нұри Топпаш: «Ислам, иман ғибадат», Қазақ тілінде. Қазақшалаған: Хайреддин Өзтүрік.

0 пікір