Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін өміршен қылатын әрекеттер
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін өміршен қылатын әрекеттер
1 ай бұрын 3216

Еркекке:

- Көлікте кетіп бара жатқанда немесе базарда жүргенде оның (әйеліңіздің) қолынан ұстаңыз. Бұндай қарапайым әрекет әйелдің жүрегін баурайды. Өйткені сіз бұл қарапайым әрекетіңізбен екі нәрсені ұғындырып тұрған боласыз:

  • Сен менімен бірге қауіпсізсің.
  • Сен - мендіксің, мен – сендікпін.

Әйелге:

- Күйеуіңіздің ұнататын реңін және ұнататын киім үлгісін сұраңыз. Сосын күйеуіңізге ұнайтын түсте киім киюге тырысыңыз. Және оның байқауың күтпеңіз, оған «саған ұнайтын киім үлгісін кидім» деп назар аудартыңыз. Өйткені ер адамдар әр нәрсені байқай бермеуі мүмкін.

Еркекке:

- Мақсатқа жетелейтін қарапайым бір сыйлық алып тұрыңыз. Бұл жерде біз інжу-маржандарды, алтын әшекейлерді және қымбат киімдерді айтып тұрғанымыз жоқ. Бір тал раушан гүлі, бір флакон әтір жайында сөз етіп тұрмыз. Осыларды беріп жатып оған: «Осыны көргенімде сені еске алдым. Сенің осыларды ұнататындығың есіме түсті» деңіз.

Әйелге:

- Күйеуіңізді бір күнді өзіне арнауға мұрсат беріңіз. Өзімен-өзі жеке уақыт өткізсің. Достарымен бас қосуына мүмкіндік беріңіз. Достары жиналып келгенде оларға шай дайындап, кофе әзірлеңіз. Бір күнді оған арнап, бүгін сергіп, жақсы уақыт өткізіп келгеніңді қалаймын деңіз. Мысалы, достарымен кафеге отырып келсін, бассейінге барып келсін немесе балыққа барып келсін т.б. Оның жеке арақашықтығын таныңыз.

Еркекке:

- Әйеліңізге сізге жақын тұруын сұраңыз. Мысалы, диванда, креслода отырғанда оны өзіңізге қарай тартыңыз немесе қасыңызға жақын отыруын сұраңыз. Басыңызды оның санына қойып жатыңыз немесе ол сіздің аяғыңызға басын қойып жатсын. Оған жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Әйелге:

- Оның шашын қолыңызбен тарамдаңыз, сипалаңыз. Оның қасына отырғанда қолыңызбен оның (күйеуінің) шашын сипалаңыз, шашын саусақтарыңызбен тарамдаңыз. Сіздің оған деген көңіліңізді, сүйіспеншілігіңізді және еркелігіңізді (еркелеткеніңізді) сезсін.

Еркекке:

- Ұйықтар алдын онымен (әйеліңізбен) әңгімелесіңіз, оны жақсы көретіңізді айтыңыз. «Сүйемін» деп айту шарт емес, оған көркем сөздер айтып, оны жақсы көретіңізді және өміріңізде оның бар болғанына қуанышты екендігіңізді ұқтырыңыз.

Әйелге:

- Күйеуіңізді ешкіммен салыстырмаңыз, тіпті астарлап болса да біреумен салыстырудан сақтанған жөн. Әйел адам өзін басқа біреумен салыстырғанды ұнатпайды, еркек те солай. Мысалы, «менің қыз досым күйеуімен бірге дүкенге барыпты, күйеуі әйелінің балдызына да сыйлық алып беріпті...» деген сияқты әңгімелерден күйеуіңіз «басқаның күйеуімен салыстырып тұр» деп түсінеді. Сондықтан, ондай салыстырулардан сақтанғаныңыз абзал.

Еркекке:

- Әйеліңізді кінәләудан, сынап-мінеп отырудан сақтаныңыз. Кейде ер адамдар өзін жоғары санап, өздерінің қателіктерін мойындағысы келмейді. Түрлі нәрселерді желеу қылып әйелін жазғырып жататын кездері болады, мысалы, кеш тамақ істегенін, ысырап қылатындығын яки туыстары себепті сынау т.б. Олай болған жағдайда жай сөйлесіп, қатты сөзі үшін кешірім сұрап, қателігіңізді мойындағаныңыз жақсы. Егер үй тірліктеріне үлгере алмай жатса, оған көмектесіңіз!

Әйеліне:

- Міндетсінуден сақтаныңыз. Кейде әйелдер ерімен келіспей қалғандарында оның жолына құрбан еткен уақыттарын еске салады, оның лайықты еместігін айтады және оған үйленем деп өз-өзіне әділетсіздік жасап қойғандығын білдіреді. Мұның бәрі міндетсіну деп ұғынылатындықтан, еріңіз қателік жасап қойған сәтте, оған жеңіл сөздер айтыңыз, ауыр сөздерден сақтаныңыз.

Еркекке:

- Әйеліңізге бұйыра сөйлеуден тыйылыңыз. Оның орнына одан бұрынғы ісінің ұнағанын, тағы сондай нәрсе қалайтынын немесе пәлен нәрсені ұнататыңызды, соны істеуін өтініңіз. Әйеліңіз жұмсақ әрі көркем сөзді жақсы көреді.

Әйелге:

- Қалаған нәрселеріңізді күйеуіңізге апой-топай, бетің бар, жүзің бар демей, ыңғайсыз уақыттарда айта салмаңыз. Оңтайлы сәтті күтіңіз. Мысалы, отбасымен отырғанда немесе туыстарымен отырғанда одан өзіңізге керек нәрсені алып беруін сұрамаңыз. Қолы бос кезде және ешкім жоқ кезде айтуға тырысыңыз.

Еркекке:

- Әйеліңізге үй істерінде көмектесіңіз. Шаршап тұрсаңыз да қол ұшын бергеніңіз абзал. Мысалы, шашылып жатқан көрпе-жастықтарды көтере салыңыз, орындықты апара салыңыз, тамақ ішкен ыдыс-аяғыңызды жуатын жерге апарып қойыңыз, балаларыңыздың қолын жуа салыңыз т.т. осылай ара-арасында көмектесіп тұрыңыз.

Әйелге:

- Күйеуіңізге уақыт айырыңыз. Үй тіршілігінен және балаларға қараудан қолыңыз тимейтіндігі белгілі, бірақ бірлі-жарым сағат күйеуіңзге де айырып, онымен әңгіме-дүкен құрғаныңыз жақсы. Бүгінгі күні қалай өткенін сұраңыз, ақылдасыңыз, оның пікірін сұраңыз т.б.

Еркекке:

- Әйеліңізді мақтап отырыңыз. Туысқандарыңыздың қасында немесе оның туыстарының қасында, балаларыңыздың қасында орайы келгенде зайыбыңызды мақтаңыз. Әйел кісі сізден оны ұрыс-керіспен жақтағанын қаламайды, ол сіздің оны өзгенің алдында мақтағанын қалайды, осылайша сізді батырым деп сезінеді.

Әйелге:

- Күйеуіңіздің істеп жатқан істерін, көрсетіп жатқан көмектерін оның туыстарының алдында және өзіңіздің туыстарыңыздың алдында, сондай-ақ, балаларының алдында орайы келгенде еске алып отырыңыз. Онымен мақтаныңыз. Оның қадірін білетіндігіңізді сездіріңіз.

Еркекке:

- Әйеліңізді құшақтаңыз. Әйеліңіз сізден сұрамаса да оны құшақтаңыз. Ол бір іс істеп жатқанда қасына барып, оны құшақтаңыз. Егер әйеліңіздің бақытты болуын және сізді жақсы көруін қаласаңыз, сіздің құшағыңыз себепті әрдайым өзін амандықта сезінуін қамтамасыз етіңіз1.

 А. Қасым


1Шетелдік ашық интернет рессурстарынан аударылды.

0 пікір