Ұзақ отырудың денсаулыққа зияны
Ұзақ отырудың денсаулыққа зияны
9 жыл бұрын 5481 islam.com.ua
Аударған: М. Бақдәулетқызы
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қазіргі кезде бір орында тапжылмай ұзақ отыру бұлжымас әдет пен тәуелділікке айналып бара жатқаны шындық. Соңғы зерттеулерге қарағанда үстел басында күні бойы ұзақ отыратындар денесінде майдың көбірек жинақталуына және денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруіне жол ашады екен.Сондықтан азырақ отыруға дағдыланыңыз! Ұзақ отырудың денсаулыққа зияны темекі шегуден келетін зияннан кем емес. Денсаулық-табысты әрі өнімді өмір сүрудің басты факторларының бірі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): "Кім таңертең   қауіпсіз  түрде дені сау, сол күнге жетер азық-түлігі болып оянса, бұл әлемнің барлық байлығын иеленген болып табылады",-деген (Әт-Тирмизи).

Ғалымдардың мәліметтері бойынша кім ұзақ отыратын өмір салтын ұстанса, солардың арасынан екінші типті қант диабетінің 91%-ы жиі кездесетінін баяндаған. 2013 жылы жүргізілген келесі бір ғылыми зерттеулерде күн сайын 4 сағаттан артық отыратын адамдар 4 сағаттан кем отыратын адамдарға қарағанда обыр мен диабет, жүрек-қан тамыр ауруларына жиі ұшырайтыны анықталған.

Айтылмыш деректер бізді екі себепті салмақты түрде ойлануға шақырады:

1. Алланың бізге берген денесі қысқа уақытқа берілген аманат екендігі, сондай-ақ, дініміздің бір бөлшегі, сондықтан оны сақтап, барынша қорғауымыз қажет.

2.   Біз, мұсылмандар, ұдайы  белсенді болуға тиістіміз. Егер ұзақ отырыстың  ағзамыз  үшін зиян екенін білсек,  бізге осы әдеттің  теріс әсерінен өзімізді барынша қорғауымыз қажет.

Осы орайда ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)  өзінің мүбәрак хадисінде: "Адамдар екі нәрсенің қадірін білмейді: денсаулық пен уақыт", -деген (Бұхари). Сол үшін неғұрлым көбірек тұрып, азырақ отыруға тырысыңыз. Өйткені, көбірек тұрудың адамға тиімді жақтары ұшан-теңіз. Бұл көп жағдайда баршамыздың денсаулығымызға пайдалы. Мысалы:

1. Түрегеп тұрып, сіз артық калориядан арыласыз. Осының нәтижесінде артық жиналған майлардан арылуға мүмкіндік туады. Түрегеп тұрудың әрбір сағатында отырған сәтке қарағанда 50-ден артық калория жұмсалады.Осылайша, сіз күні бойы  4 сағат көлемінде тұрсаңыз,  200-ден артық калория жұмсайсыз,  бұл  дегеніңіз - айына 6000 калория немесе қаншама килограмм майдан арылатындығын білдіреді.
2. Тұру - метаболизмді жылдамдатады. Ұзақ  отырудың  кесірінен  дененің негізгі бұлшықет топтары қозғалмайды, яғни, глюкоза өндіру  мен май синтезі үрдісі бұзылады. Бұл қандағы қант мәселесіне, триглицерид пен  «жағымсыз» холестерин деңгейінің жоғарылауына  әкеледі. Осының барлығы қант диабеті, семіздік, жүрек пен қан тамырлары ауруларының пайда болуына себеп болады.
3. Тұру - танымдық функцияны жақсартады. Техас университетінің денсаулық орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар көп уақытында түрегеп жұмыс істеген адамдардың өз уақыттарын тиімді басқаратындығын,  фактілерді оңай жаттап  алатынын және оқығанын еске жақсы сақтайтынын, көп сатылы есептерді  шешетінін әрі жазбаша ой білдіруге  көп отыратын адамға қарағанда жүйрік келетіндігін дәлелдеді. 
4. Тұру - адамның көңіл-күйі мен өміршеңдігін арттырады.
Миннеаполисте, АҚШ-та  7 апта бойы тұрып жұмыс істеудің денсаулыққа  әсерін зерттеді. Нәтижесінде, кеңседе тұрып істейтін қызметкерлер көп жағдайда жігерлі және жақсы көңіл-күйде болды. Оларда арқа мен мойын аурулары 54%-ға азайған. Ал қайтадан тапжылмай отыратын жұмыс орнына оралған соң  қол жеткізілген нәтижелері жоқ болған. Осылайша күні бойы түрегелу мен белсенділіктің  бүкіл ағзаның  жағдайы  мен дене пішініне  жақсы әсер еткенін көруімізге болады.  Сондықтан өз денсаулығыңызды ойлайтын болсаңыз, мүмкіндігінше көбірек тұрыңыз және қозғалыңыз! Осыдан  көп ұзамай оң нәтижені байқайсыз.
1 пікір