Пайғамбарымыз болашақта европадағы мына екі алып қаланың мұсылмандардың билігіне өтетіндігін айтып кеткен.
Пайғамбарымыз болашақта европадағы мына екі алып қаланың мұсылмандардың билігіне өтетіндігін айтып кеткен.
11 сағат бұрын 562
Абдусамат Қасым, Исламтанушы

Алла елшісі Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләмнан жеткен хадистерді біздегі таяз біліммен ұққанымыз бойынша үш топқа бөлуге болады:

  • Біріншісі - Ислам әдеп нормаларына қатысты.
  • Екіншісі - Исламның дүниетанымына қатысты (немесе сенім).
  • Үшіншісі - шариғат заңдарына қатысты (құқық).
  • Төртіншісі - болашақтан хабар берген мазмұндағы хадистер.

Болашақтан хабар берген мазмұндағы хадистерге үңілсек, Алла елшісінің айтып кеткен көп нәрсесі жүзеге асып, оның біразына қазірдің өзінде куә болудамыз. Мұның өзі Алла елшісінің (с.а.у.) шынайы пайғамбар екендігіне және айтқан сөздері өз ойынан емес тәңірлік қайнаркөзден бастау алатындығының айғағы.

Бүгін сондай бір болашақта болатын бір жағдай жайында айтқан асыл сөзімен бөліссек деп отырмыз. Осы орайда, ондағы айтылған екі сүйіншінің біріншісі жүзеге асып қойғандығына бүкіл әлем куә. Екіншісінің де шындыққа шығатынына - біріншісінің жүзеге асқандығы дәлел. Ендеше, хадиске орын берелік.

Бұл хадис - Имам Ахмед, Дәрими, Ибн Әби Шәйбә, әл-Хәким, әз-Зәһәби сынды хадисші ғұламалардың хадистер жинағында орын алған. Әбу Құбайлдан (р.а.) жеткен.

Әбу Құбайл былай әңгімелейді:

«Біз Абдулла ибн Амр ибн Астың қасында отырған едік. Бір кісі Абддула бин Амр ибн Астан:

- «Қай қала ең бірінші алынады (мұсылмандардың билігіне өтеді): Константинополь ма, әлде Рим ба?»- деп сұрады. Сонда Абдулла ибн Амр ибн Ас алқалы бір қобдишасын алдырып, ішінен бір кітап шығарды (немесе жазу жазылған парақ). Сосын былай деп хадис жеткізді:

- Алла расулынен (с.а.у.) бір күні: «Екі қаланың қайсысы ең алғаш алынады: Константинополь ма, әлде Рим ба?» - деп сұралды. Сонда Алла расулы (с.а.у.) оған: «Ираклийдің қаласы бірінші алынады!» - деп жауап берді. Яғни, Константинополь қаласы»1.

(Пайғамбарымыздың Ираклий деген кісісі сол кезеңдерде Византияның патшасы - Ира́клийI болса керек, өлген жылы 11 ақпан, 641, Константинополь қаласы, қазіргі Стамбул).

Аталмыш хадисте Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың рахымы мен есендігі болсын) болашақтан хабар бере келе сол замандағы алып империяның екі үлкен қаласының болашақта мұсылмандардың билігіне өтетіндігін сүйіншілеген. Расында да сол замандағы Византия империясының астанасы Константинополь қаласын Пайғамбарымыздан кейін 8 ғасыр өтіп, 1453 жылы мұсылман Османлы патшасы Мұратұлы Мұхаммед (Фатих Мехмед Сұлтан) 23 жасында жаулап алады. Осылайша Алла елшісінің (с.а.у.) сегіз ғасыр бұрын айтқан сүйіншісі шындыққа шыққан болды. Константинополь қаласы бүгінде "Стамбул" қаласы деп аталады (қазіргі Түркия). 

Енді хадисте айтылған екінші қала - Рим қаласының мұсылмандардың билігіне өтуі қашан болары бір Аллаға аян. Және аталмыш қаланың алынуы соғыспен бола ма, әлде дағуатпен (дін насихаты) бола ма, дегенге қатысты қазіргі заманның ғұламасы мархұм Доктор Юсуф әл-Қардауи (Алла рахымына бөлесін): «бұл жолы қылышпен емес, дағуатпен және пікірмен болады деп ойлаймын» деген болжам айтады. Яғни, болашақта қазіргі Италияның астанасы Рим қаласында Ислам кең насихатталып, халқының көпшілігі мұсылмандықты таңдайды да, осылайша ол «мұсылмандар мекен ететін қалаға» айналады деп отыр ғалым. Анығын бір Алла біледі! 

Ескертпе: Осы орайда, айта кетелік, бұл жазбамыз арқылы ешкімді соғысқа немесе біреуді жаулап алуды үгіттеп жатқан жайымыз жоқ. Мұны - тарихта болған және болашақта болатын болатысы жағдайдан ақпарат беру деп түсінгендеріңіз жөн!

Уа ахиру даъуәнә әнильхамду лилләһи Раббиль аләмин! 


Ахмад ибн Ханбаль: «Мүснәд». 6645 хадис. Сахих.

0 пікір