Меркурий мен Сатурн жайында қызықты мәліметтер (Фото)
Меркурий мен Сатурн жайында қызықты мәліметтер (Фото)
3 жыл бұрын 12568
Әнуар Самат

МЕРКУРИЙ

Меркурий  ғаламшары өте нашар зерттелген, өйткені оны зерттеу қиын және өте қымбатқа түседі, соған қарамастан бұл планета туралы кейбір фактілер жоқ емес.

1. Меркурий Күнге ең жақын орналасқан планета (57909227 км). Сондай-ақ, ол Күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар (74 800 000 км²).


(Фото: livejournal.com)

2. Планетаның айналасында әлсіз магнит өрісінің бар екендігі анықталды. Бұл магнит өрісі Жерге өте ұқсас, бірақ әлсіз. Сол себептен, астрономдар Меркурийдің ядросы 80%-ға темірден тұрады деген болжам жасады. 


(Меркурий (снимок «Мессенджера»). У правого края в южном полушарии виден кратер Толстой)

3. Бұл ғаламшарда бір тәулік жарты жылға созылады. Дәлірек айтқанда – 176 күнге. Кейбір мәліметтер бойынша, ол бұрын Шолпанның серігі болған. Бірақ, қатты соқтығысудың себебінен, оны басқа орбитаға лақтырып жіберді.

4. Меркурий – жылдам ғаламшар. Ол Күнді 172 км/с жылдамдықпен айналады. Жерден 3 есе тез.

5. Меркурийдегі негізгі химиялық элемент – гелий. Сонымен қатар, жоғары температураға қарамастан, планетада су мұзының үлкен қоры бар. Ол терең кратерлердің түбінде орналасқан.

6. Меркурий алатын Күн қуаты, Жерден 7 есе көп.



7. Уран мен Нептун сияқты планетелар телескоп ойлап табылғаннан кейін ғана ашылған. Ал, Меркурийдің бар екендігін мыңдаған жылдар бұрын білген.

8. Басқа планеталардан айырмашылығы, Меркурийдің бетінде тереңдігі 100 километрге жететін кратерлер кездеседі. Олар астероидтермен және кометалармен соқтығысудан пайда болған. (Метеориттік кратер (meteorite crater), меториттермен қақтығысу кезінде пайда болған планетарлық дененің жоғарғы жағындағы шұңқыр. Диаметрі бірнеше км-ге жетеді, тереңдігі жүздеген метрге жетеді. ).

9. Күнге жақын болғандықтан, бұл ғаламшарды зерттеу қиын. 1974 және 1975 жылдары «Маринер-10» ғарыш кемесі, Меркурийдің жартысын ғана фотаға түсіре алды. Ал, 2004 жылы жіберілген Messenger зонды, ол әлі күнге дейін оның орбитасында жұмыс атқаруда.

САТУРН

1. Сатурн (Қоңырқай) – Күн жүйесіндегі Юпитерден кейінгі ең үлкен ғаламшар. Қоршап тұрған сақиналарымен атақты. Оны аспаннан қарапайым телескоптың көмегімен байқауға болады. 

2. Қоңырқай – Күн жүйесінен ең алыс қашықтықта орналасқан планета (1,4 миллиард км). Оған Күнді толық айналып өту үшін – 29,5 жыл қажет.

3. Сатурнда болатын дауылдардың жылдамдығы – 1800 км/сағ дейін жетеді.

4. Ғалымдар сақиналардың шығу тегін анықтай алмауда. Ең таралған теория бойынша, ол Сатурнның жойылған серігінің қалдықтары.


(Сатурнның күнмен тұтылуы)

5. Сатурн негізінен газдардан тұрады және оның қатты беті жоқ. Бұл планета сутегіден, гелийден, метаннан, аммиактан және ауыр металлдардан құралған.

6. Сатурн сақиналарын алғаш болып, 1610 жылы итальян ғалымы Галилео Галилей байқады. Сақиналары мұздан тұрады. Олар өте жұқа, диаметрі шамамен 250 000 километрден асқанына қарамастан, олардың қалыңдығы 1 километрге де жетпейді. Егер оны судың бетіне қойса, Сатурн батпайды, өйткені оның тығыздығы судан 2 есе төмен.

(Сатурн және оның серіктері)

7. Бұл планетаның 53 серігі белгілі. Бірақ, олардың саны көп болуы мүмкін. Астрономдардың пікірінше, ғарыштағы барлық серіктердің 40%-ы, осы ғаламшарды айналып өтеді. Ең үлкен серігі – Титан.

8. Оның бетінде тұрақты түрде сұйықтық болатындығы дәлелденді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл біздің планетамызда 4 миллиард жыл бұрын болған жағдайға ұқсас.

9. Қоңырқай. Өмір сүру үшін жарамсыз. Дегенмен, оның серігі Энцеладта, тірі ағзалардың болуы мүмкін деген болжам бар.

10. Массасы Жерден 95 есе ауыр.

11. Ғарыштық аппараттар Қоңырқайға 4 рет ғана барып қайтқан.

Дереккөз:  faktiler.kz 

0 пікір