"Ибнуль Уақт" (Уақыттың баласы) деген не?
"Ибнуль Уақт" (Уақыттың баласы) деген не?
3 жыл бұрын 3328 www.islamveihsan.com

Сопылық жолындағы суфидің (сопының) анықтамасы берілген кезде: «ибнуль уақт», яғни, «уақыттың, заманның баласы» деп айтылады. Бұл дегеніміз, сопы адам - әр сәтіні қалай пайдаға асыруды білетін және уақытына ие болған адам деген сөз.

Істелінетін көптеген міндеттемелер бар. Жасалатын ізгі істер баршылық. Ал өмір өте қысқа... Олай болса, (мүмін-мұсылман адам) бір міндеттемені аяқтап болысымен, келесісіне көшуі керек. Құранның қасиетті аят-и кәримасының тәлімі де осыған саяды. Аятта былай делінген:

«Босаған сәтте, дереу басқа іске көш және Раббыңа жөнел!». «Шарх» сүресі, 7-8 аят.

Уайым-қайығысыз рахат өмірді қабірдегі сәтке қалдырған бір мұсылманның, бұл дүниеде уақытын босқа өткізбеуі тиіс. Осыны насихаттайтын Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) таң намазында былай деп сахабаларынан сұрайды екен:

  1. Бүгін бір жетімнің басынан сипадыңдар ма?
  2. Бүгін әлдебір аш адамды тойдыра алдыңдар ма?
  3. Бүгін әлдебір науқасқа барып көңілін сұрай алдыңдар ма?
  4. Әлдебір мұсылманды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатыса алдыңыздар ма? («Сахих Мүслім», Фадаилус сахаба, 12).

Осындай тәңірлік әрі пайғамбар тағылымын көкейге түйген мұсылман, көптеген ізгі істер істеуге уақыт табары анық. Оның (осы жолда сарп еткен) уақытының берекесі артады. (Мұсылман) Бал арасы іспетті. Бал арасы таза жерлерде ұшады, таза нәрселерді жинайды, еш жерге залал келтірмейді, әрдайым молынан шипа және мейірім өндіреді (бал өндіреді). Амал дәптеріндегі кәрездерін молынан (сауапқа) толтырады. Араның қырық бес күндік қысқа ғана өмірі бар. Бірақ, ол сол өмірінде қызмет жасап, бал өндіреді, айналасына пайдалы болады...

Уақыттың ең үлкен жендеті, Құран тілімен айтқанда – «Ләғ-ун», яғни, керексіз, еш пайдасы жоқ, қайта зияны бар бос істер. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде жұбайы Хафса анамызға мынадай деп кеңес айтқан:

-Уа, Хафса! Көп сөйлеуден сақтан. Өйткені, Алланы тілге алудан өзге, көпсөзділік жүректі өлтіреді. Оның есесіне, Алланы көп зікір ет (еске ал, оны пәкте). Бұл – (өлген) жүректі тірілтеді». (Али әл-Муттақи, 1/439. №1896). 

Осман Нұри Топпаш хазрет
Аударған:  islam.kz 

0 пікір