Қандай заттардан зекет беріледі?
Қандай заттардан зекет беріледі?
9 жыл бұрын 33409
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Ақ­ша­ның зе­ке­ті

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) дәуі­рін­де қа­зір­гі­дей қа­ғаз ақ­ша емес, ди­нар (ал­тын ақ­ша) мен дир­һам (кү­міс ақ­ша) қол­да­ныл­ған­дық­тан, қазіргі қа­ғаз ақ­ша­ның зе­кет ни­са­бын бел­гі­леуде ал­тын мен кү­міс не­гіз­ге алы­нып есеп­те­ліп отыр. Ал­тын­ның ни­са­бы 85грамм. Егер бел­гі­лі бір адам­ның ақ­ша­сы­ның құ­ны кем де­ген­де 85 грамм ал­тын­ның құ­ны­на тең кел­се, ол кі­сі­ге жал­пы ақ­ша­сы­ның қы­рық та бі­рін зе­кет ре­тін­де бе­ру па­рыз. Ақ­ша­сы­ның мөл­ше­рі ни­сап кө­ле­мі­не жет­пей, иелі­гін­де­гі ал­ты­нын не­ме­се сауда зат­та­рын қос­қан­да же­те­тін бол­са, зе­кет бе­рі­ле­ді.

 

Ал­тын­ның зе­ке­ті

Жо­ға­ры­да ал­тын­ның бел­гі­лен­ген ни­сап мөл­ше­рі 85 грамм де­дік. Мі­не осы 85 грамм ал­тын­нан 2.125 грамм зе­кет ре­тін­де бе­рі­ле­ді. Бұл 2,5%, яғ­ни, 85 грам­ның қы­рық та бі­рі де­ген сөз.

Әли (р.а.) риуаят ет­кен ха­дис­те Пай­ғам­ба­рымз (с.а.у.) ал­тын­ның ни­сап мөл­ше­рін бы­лай деп біл­ді­ре­ді: «Ал­тын­нан жиыр­ма ди­нар­ға жет­пейін­ше зе­кет алын­байды. Се­нің жиыр­ма ди­нар ал­ты­ның бо­лып, оған бір жыл ай­нал­майын­ша зе­кет бе­руің мін­дет емес».

Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, 85 грам­нан ас­қан мөл­шер­ден 17 грам­ға жет­пей, зе­кет алын­байды. 17 грам­нан ары қа­рай қы­рық та бі­рі зе­кет ре­тін­де алы­на­ды. 85+17 грам­нан 2,550 грамм ал­тын зе­ке­ті бо­лып алы­на­ды. Бі­рақ 17 грам­ға жет­пей­тін ал­тын­ға иелі­гін­де­гі бас­қа зе­кет мал­да­рын, мы­сал­ға, ақ­ша­ны қос­қан жағ­дайда ни­сап кө­ле­мі­не же­тіп жат­са, зе­кет бе­рі­ле­ді. Ал бұл мә­се­ле­де Имам Мұ­хам­мед пен Әбу Юсуп­тың пі­кі­рі­не сүйен­сек, 85 грам­нан ас­қан ал­тын­нан 17 грамм мөл­ше­рі­не жет­сін-жет­пе­сін қы­рық­та бі­рі зе­кет­ке алы­на­ды.

Егер ал­тын­нан жа­сал­ған зат­тар мен бұйым­да­ры ни­сап кө­ле­мі­не же­тіп жат­са, зе­ке­ті мін­дет­ті түр­де бе­рі­луі тиіс. Атал­мыш зат­тар­дың зе­ке­тін екі түр­де бе­ру­ге бо­ла­ды. Ал­тын­дай не­ме­се бас­қа зе­кет мал­да­ры­нан. Егер ал­тын­дай бер­се, бұйым­ның сал­ма­ғы өл­ше­ніп, қы­рық та бі­рі бе­рі­ле­ді. Ал бас­қа зе­кет мал­да­ры­нан бе­рі­ле­тін бол­са, бұйым­ның сал­ма­ғы­на қа­рай емес, ба­ға­сы­на қа­рай бе­рі­ле­ді.

Бас­қа кен­дер­мен ара­лас­қан та­за емес қоспа ал­тын­ның (мағ­шу­шун) зе­ке­ті жайын­да Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры­ның әр түр­лі пі­кір­ле­рі бар. Ха­на­фи мәз­һа­бын­да ал­тын­ның кө­ле­мі бас­қа кен­дер­ден ба­сым не­ме­се тең бол­са, бар­лы­ғы ал­тын деп есеп­те­ліп, со­ған қа­рай зе­ке­ті бе­рі­ле­ді. Ал, Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да бас­қа кен­дер­ден тыс та­за ал­тын­ның сал­ма­ғы ни­сап мөл­ше­рі­не жет­пей зе­кет алын­байды.

 

Кү­міс­тің зе­ке­ті

Кү­міс­тің ни­сап мөл­ше­рі 200 дир­һам, яғ­ни, 595 грамм. Кім­де-кім­нің 595 грамм кү­мі­сі бол­са, оның қы­рық та бі­рін зе­кет­ке бе­руі па­рыз.

Әбу Са'д әл-Худ­ри­ден (р.а.) риуаят етіл­ген ха­дис­те Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) кү­міс­тің ни­сап мөл­ше­рін бы­лай деп біл­дір­ген: «Бес уқийе­ден аз кү­міс­тен, бес зауд­ден аз түйе­ден, бес уасқтан аз егіс­тік өнім­де­рі­нен зе­кет алын­байды». [1] Бес уқийе 200 дир­хам­ға тең. Ибн Омар хазіреті Әли­ге: «Са­ха­ба­лар­дан кү­міс ни­са­бы­ның 200 дир­һам екен­ді­гі­не қар­сы шық­қан пен­де бол­ма­ды», – де­ген.

 

 

Әше­кей зат­тар­дан зе­кет алы­на ма?

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да ал­тын­нан не­ме­се кү­міс­тен жа­сал­ған әше­кей жү­зік, сыр­ға, бі­ле­зік, ал­қа сияқ­ты зат­тар­дың сал­ма­ғы ни­сап кө­ле­мі­не же­тіп, бір жыл тол­са, зе­кет алы­на­ды. Ал Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да зе­кет алын­байды. Өйтке­ні, әше­кей зат­тар әйел адам­ның кә­дім­гі кие­тін киім­де­рі сияқ­ты же­ке тұл­ға­лық қа­жет­те­рі бо­лып та­бы­ла­ды. Әше­кей зат­тар­дан зе­кет алын­байды де­ген ға­лым­дар әше­кей кө­ле­мі­нің ор­та­ша бо­луын шарт­қа қо­су­да. Егер зе­кет­ті өте­меу ниеті­мен айла ре­тін­де әше­кей зат­тар­ды қо­ғам­да­ғы әйел­дер­дің қол­да­ны­ла­тын кө­ле­мі­нен ар­тық жи­на­са, олар­дан зе­кет алы­на­ды. Бұл мә­се­ле­де Ха­на­фи мәз­һа­бын не­гіз тұ­ту ке­дей­лер­дің пайда­сы­на ше­ші­ле­рі анық.

 

Төрт-тү­лік мал­дың зе­ке­ті

Төрт-тү­лік мал­дар­дан бе­рі­ле­тін зе­кет­тің па­рыз­ды­ғы са­хих ха­дис­тер­де біл­ді­ріл­ген. Төрт-тү­лік мал­дар­да зе­кет па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар ке­рек.

  1. 1.  Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін мал­дар­дың үй жа­нуар­ла­ры болуы.
  2. 2.  Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін мал­дар­дың ни­сап мөл­ше­рі­не жетуі.
  3. 3.  Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін мал­дар­ға то­лық ие бол­ған­нан кейін то­лық бір жыл өтуі.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Бір жыл тол­май, мал­дан зе­кет алын­байды», дeйді.

  1. 4.  Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін мал­дар­дың жыл­дың кө­бін­де қыр­да жайылуы. Жыл­дың кө­бін­де, яғ­ни, ал­ты ай­дан ар­тық уа­қыт кө­бейіп, өніп-өсу­ле­рі, сүт­ті мол бе­ру, се­мі­ру­ле­рі үшін қыр­да ба­ғыл­ған мал­ға «сәәйма» де­лі­не­ді. Атал­мыш пайда­лар үшін ба­ғыл­ған мал­дар­дан тө­мен­де­гі кес­те­де көр­се­тіл­ген есеп бойын­ша, зе­кет алы­на­ды. Ал егер осы пайда­лар­ға қо­са сауда жа­сау мақ­са­ты­мен ба­ғыл­са, сауда тауар­ла­ры­ның қа­та­ры­на кі­ріп, бас­қа сауда тауар­ла­ры не­ме­се ақ­ша­мен бір­ге есеп­те­ліп, жал­пы құн­да­ры­ның қы­рық та бі­рі зе­кет ре­тін­де бе­рі­ле­ді.

 

Үй ша­руала­рын­да қол­да­ны­ла­тын мал­дар­дан
зе­кет алы­на ма?

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) «Жүк та­си­тын жә­не жұ­мыс­та қол­да­ны­ла­тын жа­нуар­лар мен егіс жыр­та­тын өгіз­дер­ден зе­кет алын­байды»[2] деген ха­ди­сін не­гіз­ге ал­ған Ха­на­фи ғұ­ла­ма­ла­ры қыр­лар­да жайыл­ма­ған не­ме­се сауда жа­сау ниеті­мен ба­ғыл­ма­ған мал­дар­дан зе­кет алын­байты­ны ту­ра­лы бір пі­кір­де. Яғ­ни, тек қа­на жүк та­су, мі­ну жә­не жер жыр­ту үшін ба­ғыл­ған мал­дар­дан зе­кет алын­байды.

 

Төрт тү­лік мал­дың зе­ке­ті­нің ни­са­бы мен сол ни­сап­тан па­рыз бол­ған мөл­ше­рі тө­мен­де­гі көр­се­тіл­ген кес­те­де­гі­дей:

Түйе­нің зе­ке­ті

Түйе зе­ке­ті­нің ни­сап мөл­ше­рі мен па­рыз бол­ған мөл­ше­рі Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ха­дис­те­рін­де анық көр­се­тіл­ген. Зе­кет ре­тін­де бе­рі­ле­тін түйе арық­тық, се­міз­дік жа­ғы­нан ор­та күйде жә­не ұр­ға­шы бо­луы шарт. Ер­кек түйе бе­рі­ле­тін жағ­дайда құ­ны бе­рі­ле­ді.

 



­Түйе

НИ­САП МӨЛ­ШЕРІ

ПА­РЫЗ БОЛ­ҒАН МӨЛ­ШЕР

5-9

1 қой

10-14

2 қой

15-19

3 қой

20-24

4 қой

25-35

­Бір жа­сар ұр­ға­шы 1 түйе

36-45

Екі жа­сар ұр­ға­шы 1 түйе

46-60

Үш жа­сар ұр­ға­шы 1 түйе

61-75

­Төрт жа­сар ұр­ға­шы 1 түйе

76-90

Екі жа­сар 2 ұр­ға­шы түйе

91-120

Үш жа­сар ұр­ға­шы 2 түйе

121-144-ке дейін үш жа­сар 2 түйе мен әр 5 түйе үшін 1 қой яки еш­кі бе­рі­ле­ді.

145-149-ға дейін үш жа­сар 2 түйе мен бір жа­сар 1 түйе бе­рі­ле­ді.

150-ге жет­кен­де үш жа­сар 3 түйе бе­рі­ле­ді.

Бұ­дан кейін 174-ке дейін әр 5 түйе үшін 1 қой, яки еш­кі бе­рі­ле­ді.

175-тен 185-ке дейін үш жа­сар 3 түйе мен бір жа­сар 1 түйе бе­рі­ле­ді.

186-195-ке дейін үш жа­сар 3 түйе мен екі жа­сар 1 түйе бе­рі­ле­ді.

196-200-ге дейін үш жа­сар 4 түйе бе­рі­ле­ді. Бұ­дан кейін жүз елу­ден кейін­гі 50 түйеде жа­сал­ған есеп екі жүз­ден кейін­гі әр 50 түйеде де қол­да­ны­ла­ды. Түйе­нің зе­ке­тін­де ұр­ға­шы түйе, яки құ­ны бе­рі­ле­ді.

 

Сиыр­дың зе­ке­ті

Сиыр­дың ни­сап мөл­ше­рі 30 де­дік. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Әр­бір отыз сиыр үшін бір та­би не­ме­се бір та­биа (бір жа­сар та­на), әр қы­рық сиыр үшін бір му­син не­ме­се бір му­син­на (екі жа­сар құнажын) зе­кет бе­рі­ле­ді»[3]– деп бұйыр­ған. Яғ­ни, әр­бір отыз сиыр үшін бір жас­та­ғы бір та­на, әр­бір қы­рық сиыр үшін екі жа­сар бір құнажын бе­рі­ле­ді. Мы­сал­ға, 120 сиыры бар адам қа­ла­са, бір жа­сар төрт та­на бе­ре ала­ты­ны сияқ­ты екі жа­сар үш құнажын бе­ре ала­ды. Өйтке­ні, 120 са­нын­да төрт – 30 са­ны, үш – 40 са­ны бар.

Сиыр

НИ­САП МӨЛ­ШЕРІ

ПА­РЫЗ БОЛ­ҒАН МӨЛ­ШЕР

30

­Бір жа­сар та­на­

40

Екі жа­сар сиыр

60

­Бір жа­сар 2 та­на­

70

­Бір жа­сар 1 та­на, екі жа­сар 1 сиыр

80

Екі жа­сар 2 сиыр

90

­Бір жа­сар 3 та­на­

100

­Бір жа­сар 2 та­на, екі жа­сар 1 сиыр

120

Екі жа­сар 3 сиыр не­ме­се бір жа­сар 4 та­на­

 

Қой мен еш­кінің зекеті

Қыр­да жайыл­ған қой мен еш­кі­нің ни­сап кө­ле­мі қы­рық. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Әр­бір қы­рық қой үшін бір қой зе­кет па­рыз» – деп бұйыр­ған.

Қой мен еш­кі бір-бі­рі­нің ни­са­бын то­лық­ты­ра ала­тын­дық­тан, 39 қойы, 1 еш­кі­сі бол­ған адам­ның бір қойды зе­кет ре­тін­де бе­руі па­рыз. Қой мен еш­кі ара­лас бол­ған жағ­дайда қайсы­сы көп бол­са, зе­кет со­дан бе­рі­ле­ді. Екеуі тең бол­са, қайсы­сы­нан бер­се де ерік­ті. Ыл­ғи еш­кі бол­са зе­ке­ті­не қой, яки ыл­ғи қой бол­са зе­ке­ті­не еш­кі бе­ріл­мейді.

Зе­кет­ке бе­рі­ле­тін қой­дың бір жа­сар бо­луы жөн. Өте арық ақ­сақ, со­қыр мал­ды зе­кет­ке бе­ру­ге бол­майды. Бе­рі­ле­тін мал ор­та­ша бол­ға­ны дұ­рыс. Бір жас­қа тол­ма­ған кі­лең лақ, қо­зы­ға зе­кет бе­ріл­мейді. Бі­рақ бұ­лар ірі­лер­мен бір­ге бол­са, зе­ке­ті бе­рі­ле­тін мал­дар­дың қа­та­ры­на кі­ріп, есеп­ке алы­на­ды.

 

­Қой, еш­кі­

НИ­САП МӨЛ­ШЕРІ

ПА­РЫЗ БОЛ­ҒАН МӨЛ­ШЕР

40-120 ара­лы­ғын­да

1 қой

121-200 ара­лы­ғын­да

2 қой

201-399 ара­лы­ғын­да

3 қой

400-499 ара­лы­ғын­да

4 қой

 

Қой­дың са­ны 500-ге жет­кен­нен кейін әр­бір 100 қой үшін бір қой қо­сы­лып оты­ра­ды.

 

Жыл­қы ма­лы­ның зе­ке­ті

Жыл­дың кө­бін­де қыр­да, жайы­лым­да кө­бейту мақ­са­ты­мен ба­ғыл­ған жыл­қы­лар­дан да зе­кет алы­на­ды. Жалпы жыл­қы­ның құ­ны есеп­те­лі­неді. Құны нисап мөлшеріне жеткен жағдайда құ­ны­ның қы­рық­та бі­рі зе­кет ре­тін­де бе­рі­ле­ді.[4]



[1] Бухари, Зекет,4; Муслим, 1/3.

[2] Әбу Дәәуд 1/237; Бәйһақи 4/16.

[3] Тирмизи, Зекет,5/622.

[4] Бадаай'ус-санааи'и, Китабуз-зәкат,446; Илмихал, 1-том, 457. (Түркие дианет вакфы, Ислам араштырмалары меркезі).

0 пікір