Са­ғи­дің дұ­рыс орын­да­лу шарт­та­ры
Са­ғи­дің дұ­рыс орын­да­лу шарт­та­ры
9 жыл бұрын 3496
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

1. Са­ғи­дің қа­жы­лық не­ме­се ум­ра үшін ниет етіп, тәл­бия ай­тып, их­рам­ға кір­ген­нен кейін жа­са­луы. Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын ат­қа­ру­шы­ға айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні­нен бұ­рын их­рам­нан шы­ғуына бол­майды. Егер қа­жы­лық үшін жа­са­ла­тын са­ғи­ді Ара­фат­та тұ­ру­дан бұ­рын жа­са­са, их­рам­мен жа­са­ған бо­ла­ды. Ал Ара­фат­тан қайт­қан­нан кейін шай­тан­ға тас лақ­ты­рып, құр­бан шал­ған­нан соң жа­са­са, их­рам­нан шы­ғып та жасауына бо­ла­ды.

Ум­ра үшін іс­те­ле­тін са­ғи­ді их­рам­нан шық­пай тұ­рып жа­сау – уә­жіп. Ум­ра тауа­бын орын­дап, са­ғи­ді жа­са­мас­тан ша­шын алып не­ме­се қыс­қартқан жағ­дайда их­рам­нан шық­қан бо­ла­ды. Их­рам­нан шы­ғып қой­ған­нан кейін жа­сал­ған ум­ра са­ғиі дұ­рыс деп есеп­те­лі­не­ді. Бі­рақ ум­ра са­ғиін их­рам­нан шық­пай тұ­рып жа­сау – уә­жіп бол­ған­дық­тан, жа­за өтейді.

2.  Қа­жы­лық үшін іс­те­ле­тін са­ғи­дің қа­жы­лық айла­рын­да жа­са­луы.

3.  Дұ­рыс орын­дал­ған тауап­тан кейін жа­са­луы. Дұ­рыс орын­дал­ған тауап – жү­ніп, хайыз, ни­фас күйін­де жа­сал­ма­ған тауап.

4.  Тауап­та­ғы же­ті айна­лым­ның кем де­ген­де төр­теуі­нің орын­дал­ған болуы. Төрт айна­лым­нан кейін­гі жа­сал­май қал­ған әр айна­лым үшін жа­за ре­тін­де са­да­қа бе­ру ке­рек.

5.  Са­ғи­ді Са­фа тө­бе­сі­нен бас­тау.

 

Са­ғи уә­жіп­те­рі

  1. Са­ғи­дің жаяу жа­са­луы. Ауру не­ме­се кә­рі­лік­ке байла­ныс­ты са­ғи жа­сай ал­май­тын­дар ар­найы ар­ба­мен жа­саула­ры­на бо­ла­ды.
  2. Са­ғи­дің же­ті шаут жа­са­луы (Са­фа­дан Мә­руаға ба­ру – бір шаут, Мә­руа­дан Са­фа­ға ке­рі қайту – бір шаут)

 

Са­ғи сүн­нет­те­рі

Бас­қа ғи­ба­дат­тар сияқ­ты са­ғи­дің де сүн­нет­те­рі бар. Бұл сүн­нет­тер­ді орын­дау – үл­кен сауап­ты іс. Бі­рақ іс­тел­мей қал­ған жағ­дайда кү­нә бол­майды.

  1. Тауап­тан кейін са­ғи­ді орын­дау. Яғ­ни, тауап на­ма­зын оқы­ған­нан кейін де­реу са­ғи­ға бас­тау.
  2. Са­ғи­ді дә­рет­пен жасау
  3. Де­не­сін­де не­ме­се үс­тін­де на­маз­ға ке­дер­гі бо­ла­тын­дай нә­жіс бол­мау
  4. Са­ғи­ді бас­та­мас бұ­рын қа­ра тас­қа сә­лем бе­ру
  5. Әр жү­гі­ріс­те Са­фа жә­не Мә­руа­ның Қағ­ба кө­рі­не­тін­дей же­рі­не шы­ғу
  6. Әр жү­гі­ріс­те Са­фа жә­не Мә­руада жүз­ді құ­бы­ла­ға бұ­рып, тәк­бір, таһ­лил ай­тып, дұ­ға жа­сау

Тәк­бір де­ге­ні­міз: {أللهُ كْبَرُ} «Аллаһу әк­бар» деп айту, ал, таһ­лил бол­са:

{لا إلَهَ إلاَّاللهُُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ, لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلَي كًلِّ شَيْءٍ قََََََََََدِيرُ}

 «Лә илә­һә ил­лал­ла­һу уах­да­һу ла шә­ри­ка ләһ, лә­һул-мул­ку уә лә­һул-хам­ду уа һуа 'ала кул­ли шайин қа­дир» – деу. Ма­ғы­на­сы: «Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір жоқ. Ол жал­ғыз, се­рі­гі жоқ. Бар­лық ие­лік оны­кі жә­не күл­лі ма­дақ оған тән. Оның бар­лық нәр­се­ге құ­ді­ре­ті же­те­ді».

  1. Ер кі­сі­лер­дің Са­фа мен Мә­руа жо­лын­да жа­сыл бел­гі­лер ор­на­лас­ты­рыл­ған екі дің­гек­тің ара­сын­да адым­да­рын жиі-жиі алып, тез-тез жү­ру­ле­рі, бұ­ған «һә­руалә» де­лі­не­ді. Әйел­дер һә­руалә жа­са­майды.
  2. Са­ғи жа­сау ке­зін­де тәк­бір, таһ­лил ай­тып, дұ­ға жасау.

 

Са­ғи қа­лай жа­са­ла­ды?

Тауап жа­са­ған­нан кейін Са­фа тө­бе­сі­не ба­рып, Ха­жа­рул-Әсуәд­ке (қа­ра тас) сә­лем бер­ген­нен кейін қа­жы­лық бол­са қа­жы­лық са­ғиі үшін, ум­ра бол­са ум­ра са­ғиі үшін ниет ете­ді. (Аллаһым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін Са­фа жә­не Мә­руа тө­бе­ле­рін­де же­ті рет қа­жы­лық (не­ме­се ум­ра) са­ғиін жа­сауды ниет ет­тім. Бұ­ны ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен қа­был ал!) Тәк­бір, таһ­лил­дер­мен қо­са зі­кір ай­тып, дұ­ға жа­сап, Мә­руа тө­бе­ші­гі­не қа­рай жү­ре­ді. Са­фа­дан Мә­руаға төрт рет ба­ру жә­не Мә­руа­дан Са­фа­ға үш рет қайту­мен са­ғи­ді аяқ­тайды. Ер кі­сі­лер Са­фа мен Мә­руа жо­лын­да­ғы жа­сыл бел­гі­лер ор­на­тыл­ған дің­гек­тер­дің ор­та­сын­да жиі-жиі қа­дам­дар­мен жыл­дам-жыл­дам жү­ре­ді. Жа­сыл бел­гі­лер­ден өт­кен­нен кейін ақы­рын жү­ре­ді. Әйел адам­дар бол­са тез жүр­мейді. Са­ғи қа­жы­лық үшін бір рет, ум­ра үшін бір рет жа­са­ла­ды. Нә­піл са­ғи жа­сал­майды.

0 пікір